• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
15 Наурыз, 2017

Су тасқынының алдын алу мақсатында 8,9 км бөген жөнделді

335 рет
көрсетілді

Орталық коммуникациялар қызметінде су тасқыны кезіне дайындыққа арналған брифинг өтті. Оған Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин қатысты. Жиында ол көктем кезінде ел-елді, жер-жерді апатсыз өткізу мақсатында жергілікті атқарушы органдардың Ішкі істер министрлігімен бірігіп су тасқынына қарсы алдын алу шараларын атап өтті. –  «Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, ерте көктемде күн жылынса Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқыны болуы мүмкін. Су тасқыны орталық және солтүстік өңірлерде наурыз айының соңы мен сәуір айының басында болатын шығар. Сондықтан біз қазірден бастап жергілікті әкімдіктермен жұмыс істеп жатырмыз, – деді ол. Осыған байланысты 8,9 шақырым бөген жөнделіп, 3,8 шақырым уақытша бөгеy тұрғызылмақ. Ал, 15,6 шақырым жағалау аймағы қалыпқа келтіріліп, 24 шақырымдық өзен арналарыны  тереңдетілді, автомобиль мен темір жол көпірінің өткізу құбыры тазартылған. Сонымен қатар, елді мекендердің әкімдіктері 12,6 млн. м3 қар шығарған. Юрий Ильиннің айтуынша, су тасқынын алдын алу және жою үшін 8 мың тоннадан астам көлемде ЖЖМ, 219 мың тоннадан астам инертті материалдар, 958 мың қап және 19,8 тонна жарылғыш зат қоры дайындалды. Халықты эвакуациялау жағдайына 1707 қабылдау пункт пен қажетті көлік айқындалды. Эвакуацияланған халықтың тіршілігін қамтамасыз ету үшін әкімдіктер қажетті құралдарды, тамақ өнімдері мен ауыз су қорын дайындады. ІІМ су тасқыны ахуалының күрделену жағдайында жалпы саны 12 мың адам, 2 мың техника мен 300 жүзу құралдарын дайындады. Дастан Кенжалин, «Егемен Қазақстан»