• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
15 Наурыз, 2017

Астанада автобус жүргізушілеріне ұялы телефонсыз жүруді міндеттеуі мүмкін

144 рет
көрсетілді

Астана жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Бекмырза Игенбердиновтің төрағалық етуімен елордадағы барлық автобус парктері әкімшілігімен мәжіліс өтті, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі. Мәжілістің негізгі мақсаты – тасымалдаушылардың шарттық міндеттемелерді тиісті орындауы, белгіленген аралықпен желіге автобустардың жоспарлы шығуын қамтамасыз ету, автобус жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін сақтауы, сондай-ақ жолаушыларға қызмет көрсету мәдениетінің деңгейін арттыру. Осы жылғы 1 сәуірден бастап автобус парктерінің әкімшілігі рейс алды тексеру уақытында жүргізушілердің ұялы телефондарын қоюға арнайы ұяшықтар ұйымдастыруды ұсынды. Бұдан басқа, Көліктік бақылау қызметіне бақылау-желілік қызметпен бірлесіп желідегі жүргізушілердің автобус салонында телефон қолдануы, темекі шегуіне, сондай-ақ жол қозғалысы қағидасын сақтауына мониторинг жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ, тасымалдаушылардың мәселелері қаралды. Мәжіліс қорытындысы бойынша көрсетілетін қызметтер сапасын арттырудың тиісті шараларын қабылдау міндеттері қойылды.