• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
19 Қаңтар, 2010

ТАБИҒАТҚА ТАЗАЛЫҚ ТӘН

1924 рет
көрсетілді

Республикалық іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында Қоршаған ортаны қорғау ми­нистрлігі 2009-2010 жылдарға арнал­ған экономика және қаржы жүйесін тұрақтандыру бойынша дағдарысқа қарсы салалық бағдар­ламаны әзірлеп, алқа отырысында мақұлдады. Оның негізгі мақсаты – әлемдік қаржылық-экономи­ка­лық дағдарыс зардабын жеңу бары­сында республикада экологиялық, әлеуметтік және экономикалық факторлардың тұрақтану дәрежесін арттыру. Бағдарлама дағдарыс құбылы­сын жеңу үдерісіне орнықты дамудың қағидаттарын ендіруге, еліміздің экологиялық, әлеуметтік және экономикалық жағдайын жақсарту үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы үйлестірілген шараларды қамтамасыз етуге бағытталған. Соңғы жылдары көп жұмыс ат­қарылды. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнаманы қалып­тас­тыру жалғасуда. Экологиялық кодекс, Қазақстан Республикасына тозған және “лас” технологиялар мен жабдықтарды әкелуге тыйым салатын және әкелуді шектейтін экологиялық қауіпті техноло­гия­ларды, техникаларды және жабдық­тарды әкелуді реттеу мәселесі туралы заң, жаңғырмалы энергия көздерін пайдалануды қолдау тура­лы заң қабылданды. Президент Жар­­лығымен Қазақстан Республи­ка­с­ының орнықты дамуға көшу тұ­жырымдамасы мақұлданды. Киото хаттамасы ратификациялан­ды. 2009-2011 жылдарға арналған ми­нистрлік дамуының стратегия­лық жоспары бекітілді. Экология және су сапасы, осы стратегиялық ресурс­ты кешендік зерттеу және қорғау мәселелерін шешетін Еуразия су орталығы құрылды. Қолданатын шара кешені есебінен Қазақстан Республи­ка­сында экологиялық жағдай, тұтас­тай алғанда, тұрақты қалыпта, эмис­сияларды төмендетуге, эколо­гиялық тиімді таза технологияға өтуге алғышарттар жасалған. Алайда, әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында экологиялық жағдайдың нашарлауына жол бермеу жөнінен озық шаралар қажет. Тиімді қоршаған ортаны қорғауға да, эко­номикалық тұрақ­ты­лықты сақтауға да мүмкіндік беретін үйлестірілген қадам болуы тиіс. Әлемдік экономикадағы дағдарыс құбылыс­тарына орай жағдайдың өзгеру есебінен құрыл­ған экологиялық саладағы резервті және мүмкіндік­терді тиімді пайда­лану керек. Министрлік Мемлекет басшы­сы­ның тапсырмасына сәйкес “2010-2014 жылдарға арналған жасыл даму” бағдарламасының жобасын әзірледі. Мемлекеттік бағ­дарлама жобасына қазіргі таңда іске асырылып жатқан және әзір­ленудегі бағдарламалар енгізіл­ді. Олардың қатарында 2008-2010 жыл­­дарға арналған Қоршаған орта­ны қорғау бағдарламасы, “2007-2009 жылдарға арналған Балқаш-Алакөл бассейнінің орнық­ты да­муын қамтамасыз ету” бағ­дарла­ма­сы, 2010-2012 жылдарға ар­нал­ған бұрынғы Семей ядролық полигоны проблемаларын кешенді шешу бағдарламасының жобасы, “Капус­тин Яр” және “Азғыр” ядролық полигондарының әсерінен зардап шеккен халықты сауықтыру және әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі бағдарламаның жобасы бар. “2010-2014 жылдарға арналған жасыл даму” бағдарламасы қорша­ған орта компоненттеріне және халық денсаулығына антропогендік әсерді төмендету, табиғи экожүйе­лерді сақтау және қалпына келтіру, қоршаған ортаның сапасын басқару жүйесін дамыту және жетілдіру сияқты бағыттардан тұрады. Бірін­ші бағыт бойынша атмосфералық ауаның сапасын арттыру, су ре­сурс­тарының тапшылығын төмен­дету, тұрғындар денсаулығының жағдайын жақсарту жөнінде іс-шаралар көзделген. Екінші бағыт бойынша радиациялық, химиялық, биологиялық ластануға ұшыраған экологиялық апат аймағын және аумағын оңалту, шөлейттенуді және жердің тозуын болдырмау, биосаналуандылықты сақтау жөнінде іс-шаралар өткізілмек. Үшін­ші бағыт басқарудың заң­намалық тетіктерін жетілдіру және іске асыру, халықаралық қатынас­тарды дамыту, қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану экологиялық құралдары, қоршаған орта және табиғи ресурстар мони­торингі жүйесін ғылыми қамтама­сыз ету және дамыту жөнінде іс-шараларды қамтиды. Бағдарламаны іске асырудың маңызды тетіктерінің бірі – экологиялық активтерді құру, таби­ғат­ты қорғау іс-шараларын іске асыру және қоршаған ортаны қорғау саласындағы кәсіпкерлік орнын дамыту міндетін атқаратын “Жасыл даму” өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару бойынша ұлттық орталығын құру. Орталық­­тың негізгі мақсаты – қалдық­тар­дың барлық түрлерін кәдеге жара­татын технологиялық кешен­дер мен экологиялық жабдықтарды өндіру бойынша зауыттар құру. Сондай-ақ, қаржыландыру тәртібі өзгермек. Қазақстанда тұң­ғыш рет экологиялық проблема­лар­ды шешуге ғана бағытталатын ақшалай пул құрылады. Экология­лық төлемдер мен айыппұлдар түрінде түскен қаражатты (жыл сайын 80 млрд. теңгеге жуық) Ұлт­тық қорда жинақтау жоспар­ланып отыр. Кейін қаражат нысаналы трансферттер түрінде “Жасыл даму” орталығына жолданады, одан әрі экологиялық жобалардың іске асырылуын қаржыландырмақ. “Жасыл даму” орталығын қаржыландыру бюджеттік қаражат есебінен, сондай-ақ, халықаралық ұйымдардың гранттары есебінен жүргізілетіндігі болжануда. Соны­мен қатар, жеке бизнеспен тең қаржыландыру сұлбалары, концес­сия қолданылады. БҰҰ Жаһандық экологиялық қоры, БҰҰ ДБ, ЮНИФЕС, Дүние­жүзілік банк, ЕҚДБ сияқты халықаралық донорлар гранттарды бөлуге немесе тең қаржыландыруға негізделген халықаралық бағдар­ламалар бойынша жұмыс жасайды. “Жасыл даму” орталығы Ұлт­тық қор қаражатын пайдалана отырып, түрлі жобаларды тең қаржыландыруға қатысады, ол халықаралық донорлар үшін олардың қызығушылығын айтар­лық­тай ұлғайта түседі. Қазіргі таңда БҰҰ Таза технологиялар қоры, Дүниежүзілік банк, Жаһандық экологиялық қор, БҰҰ ДБ сияқты халықаралық ұйымдардың қаражат­тарын тарту жөнінде алдын-ала келісімге қол жеткізілді. Еліміз климаттың өзгеруі бойын­ша халықаралық үдеріске белсенді қатысуда. 2009 жылдың наурызында Қазақстан Киото хаттамасын ратификациялады. Шетел инвесторлары кеңесінің XXІ пленарлық отырысында Президент Н.Ә.Назарбаев Киото хаттамасының ратификациялануы энергиялық тиімді технология­ларды дамытуда жаңа мүмкіндіктер ашатындығын атап өтіп, Қазақ­станда квоталар саудасы тетіктерін пысықтауды тапсырды. 2012 жылы Киото хаттамасы­ның аяқталатыны белгілі. Қазіргі таңда барлық пікірталас содан кейінгі кезеңде, атап айтсақ, 2050 жылғы болашағымен 2012-2020 жылдарға бағытталған. Бірінші қосымша елдерімен 2020 жылға дейін парниктік газдар шығарын­дыларын төмендетуге бағытталған белгілі ерікті міндеттемелердің қабылдануы жобалануда. Еуроодақ 1990 жылдан 2020 жылға дейін 20-30 %, Жапония 2005 жылдан 15%, Канада 2006 жылдан 20%, 1990 жылдан Ресей Федерациясы 10-15 %, Украина 20 %, АҚШ-тың мүмкін міндетте­ме­лерінің сараптамалық бағасы бойынша 2005 жылдан 14-18% пар­ник­тік газдар шығарындыларын тө­мен­­детуді жобалауда. Сонымен қатар, Еуроодақ 2050 жылға шы­ғарын­дыларды 80% төмендету тура­лы ниетін білдірді. 2009 жылғы 4 қарашада Барселона қаласында Қа­зақ­стан базалық 1992 жылдан пар­ник­т­ік газдар шығарындыларын 2020 жылға дейін 15% және 2050 жылға 25% төмендететінін баян­дады. Елді индустрияландыру, “Стра­тегия-2020” жоспары және 2020 жылға дейінгі салалық даму бойын­ша Мемлекет басшысының соңғы тапсырмасы есебімен Қазақстан­дағы парниктік газдар шығарын­ды­лары 275,1 млн. тоннаны құрай­тын­дығы, яғни, бұл 1992 базалық жылмен салыстыр­ғанда 2020 жылы 85 % немесе 15 % төмендеуді, ал, 2050 жылы 242,7 млн. тонна СО2 немесе 25 %-ға төмендеуді көрсетеді. БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның шақыруы бойынша қазақ­стандық делегация жүзден астам мемлекет және үкімет басшылары, халықаралық ұйым және ұлттық ведомстволар жетекшілері қатысқан климаттың өзгеру проблемалары бойынша жоғары деңгейдегі саммит жұмысына қатысты. Қазақстан дамыған мемлекеттер өздерінің технологиялық ресурс­тары­мен дамушы елдер бейім­делуі­нің ұлттық стратегияларын іске асыруға белсенді қатыса алатын­дығы және қатысуы міндетті кли­мат­тың өзгеруіне бейімделудің бірың­ғай халықаралық стратегия­сын құру бастамашылығын білдірді. Елбасы Қазақстанның төмен көміртекті экономиканы құруы үшін таза технологиялар негізінде жедел индустрияландыру жүргізу қажеттігін атап айтты. Қазақстан “Жасыл даму” жолы­на тұруы тиіс, яғни, қоршаған орта тұтастығын сақтай отырып, эконо­микалық өсуге қол жеткізуі қажет, Киото хаттамасы тетіктерін іске асырудан түскен қаражат тек эко­ло­­гиялық жобаларға жұмсалуы керек. Киото хаттамасы тетіктерінің бірі – Киото хаттамасының Б қосым­шасына енген елдерге пар­ник­тік газдар шығарындыларын саудалау. Оның мәні өз міндет­темелерін орындаған және артық квоталары бар мемлекеттер қыс­қартулар қажет басқа елдерге өз қыс­қартуларын сата алатын­ды­ғында. Соңғы кездері атал­ған тетік аясында жасыл инвестиция сұлба­сы үлкен беделге ие болуда. Аталған сұлба бойынша шығарын­дылардың жобаларды орындауда емес, экономикалық дағдарыс нә­ти­жесінде пайда болған төмендету­лері бар тараптар (Ресей, Украина, Беларусь, Шығыс Еуропа елдері) бұл қысқартуларды іске асыра алады және түскен инвестициялар эколо­гия­лық жобаларға – парниктік газдар шығарындыларын төмендету жөніндегі жобаларға басымдықпен бағытталуы тиіс. Халықаралық саудадан басқа, сауданың ұлттық жүйесі де бар. Парниктік газдарға түгендеу жүр­гізілгеннен кейін барлық кәсіп­орындар парниктік газдарға лимит­тер алады. Базалық жыл 2008 жыл болады. Егер кәсіпорын сы­нақ­тық кезеңнің соңында лимитті арт­тырып жіберсе, оған айыппұл­дық санкциялар қолданы­лады. Еуро­одақта бір тонна СО2 100 еуроға тең. Айыппұл салдырмау мақсатын­да кәсіпорын қажетті парниктік газ көлемін сатып алуға болатын рынокқа жүгінеді. Онда баға құбылмалы және Еуроодақта бір тонна СО2 30 еуроға көтерілген. Төмен көміртекті технологияны ендірген және парниктік газдар шығарындыларының төмендеуіне қол жеткізген кәсіпорын қыс­қарту­лардың артығын сата алады. Қазақ­станда еуропалық тауар биржасына бейімделген тауар биржасында парниктік газдар саудасы бол­жану­да. Қазақстандық кәсіпорын­дардың уақыт өте келе нарықтық баға құратын халықаралық деңгейге шығатынына сенім мол. Былтырғы жылы соңғы тұтынушы үшін 1 тонна СО2 15 еуроға тең болды. Қазақстан Киото хаттамасы мақсаттары үшін 1-қосымшаның тарабы, яғни, бізде бірлесіп жүзеге асыру тетігі дамитын болады. Қазақ­стандық кәсіпорын БҰҰ Негізде­мелік конвенциясының 1-қосым­шасына кірген елдің инвес­торларын тарта алады. Екі тарап тең қаржы­ландыру принципінде парниктік газдар шығарындыларын төмендету бойынша жобаларды жүзеге асыра­ды және пайда болған шығарынды­лар қысқаруының бірлі­­гін (ШҚБ) салынған қаржыға сай өзара тең бөледі. Осыдан кейін қазақстандық қәсіпорын осы ШҚБ-ны көміртегі рыногында сата алады. Дүние жүзінде Киото хаттама­сы­ның тетіктері бойынша көптеген кәсіпорындар жұмыс жасайды. Киото хаттамасы тетіктерінің әрекет етуі мерзімінде, бұл небәрі 5 жыл, дүние жүзінде 1800-ден астам жоба іске асырылып, 1,670 млрд. тоннадан астам СО2-эквива­ленті төмендеді. Биылғы жылы жүзеге асырылу­ға дайын Киото хаттамасының тетіктері бойынша ондаған жобалар тіркеуден өтті. Аталған жобалар бойынша қажетті жұмыстар жүр­гізі­луде және таяу уақытта осы жоба­лардың іске асырылғандығы жайлы еститін боламыз деп үміттенеміз. Қоршаған ортаны қорғау сала­сындағы көрсетілген басым бағыт­тарды іске асыру бойынша жүр­гізі­ліп жатқан жұмыстар дағдарыс құбылыстарын жеңу процесінде қоршаған орта сапасын жақсартуға және қоғамның экологиялық ор­нық­ты дамуына қолайлы деңгейді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ.