• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
15 Наурыз, 2017

Сәпиев пен Артаев Головкиннің жекпе-жегі көрсетілімініне сарапшы болады

206 рет
көрсетілді

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен дәл осы салмақта WBA (Regular) белбеуінің иегері америкалық Дэниел Джейкобс арасындағы кездесу 18 наурызда Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында өтеді. Елімізде бұл айқасты «Қазақстан» мен «KazSport» телеарналары 19 наурызда 08:00-де тікелей эфирде көрсетеді. Бұл бокс кешін сарапшы ретінде еліміздің бұрынғы былғары қолғап шеберлері Серік Сәпиев пен Бақтияр Артаев жүргізеді. Өз кезегінде Афина Олимпиадасының чемпионы «Қазақстан» арнасына қатысса, Лондон Олимпиадасының жеңімпазы «KazSport»-та жүргізеді. Сонымен қатар, «KazSport» Головкин-Джейкобс жекпе-жегі үшін арнайы екі бағдарлама ұйымдастыруы мүмкін. Мұнда қос сарапшы айқас жайлы өз пікірлерін білдіреді. Оның алғашқысы эфирге сол күні 07:30-да, ал екіншісі бокс кеші аяқтала салысымен өтеді. Бұл кезде Олимпиада чемпиондары жекпе-жек барысындағы басты сәттерді талқылайды.