• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
15 Наурыз, 2017

Алдағы күндері күн суытады

113 рет
көрсетілді

Синоптиктердің мәлімдеуінше алдағы күндері күн суытады. «Қазақстанда алдағы үш тәулігіндегі ауа райы антициклонға тәуелді болады. Сондықтан синоптиктер көптеген облыстарда ауа-райы жауын-шашынсыз, суық болады деп болжап отыр. Сондай-ақ, түнде және таңертеңгілік уақыттарда тұман түседі», - деп хабарлады «Қазгидромет» РМК. Ауа температурасының төмендеуі Сібірден келген атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты. Сол себепті температура жыл сайынғы орташа көрсеткіштен 2-6ºС-қа төмендейді. Республиканың тек батыс аймағында температура қалыпты болады деп күтілуде. Елордада алдағы үш күнде жауын-шашын болмайды. Желдің жылдамдығы 5-10 м/с. Түнде температура -14-17 °С, күндіз -5-8°С. 16 наурыз күні түнде және таңертең тұман түседі. Таяу күндері Алматыны да жауын-шашынсыз, бұлтты ауа райы күтіп тұр. Түнде тұман болады. Желдің жылдамдығы 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -2-4°С, күндіз +3+6°С-ты құрайды.