• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
15 Наурыз, 2017

Жұмыспен қамту бағдарламасына өзгерістер енгізіледі

136 рет
көрсетілді

Жұмыспен қамту бағдарламасына өзгерістер енгізілетіні туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен басқа да мемлекеттік мекемелер өкілдері қатысқан жиында айтылды. Онда жоғары және арнаулы білімі бар жастарды еңбекпен қамту ақсап тұрғаны сөз болды. Осыған жауапты ведомство басшысы Тамара Дүйсенова: «Жұмыспен қамту бағдарламасына өзгерістер әзірленіп жатыр», – дейді. Жаңа жобада жастардың оқу ақысы мен өзге шығындарын мемлекет төлейтіні айтылды. Ол үшін бюджеттен 85 млрд теңге бөлу қарастырылуда. «Біз жаңа бағдарламада жұмыс берушінің тапсырысы бойынша оқыту мәселесін алып тастаған болатынбыз. Сондықтан қайтадан қосып жатырмыз. Егер де жұмыс беруші оқытатын болса, 80 пайызға дейін қаражатын ол төлеп, 20 пайызын мемлекет төлеп, даярлап беру мәселесін қайтадан қояйын деп отырмыз. Содан кейін жұмыспен қамту тек қана Еңбек министрлігінің жұмысы емес, ол барлық министрліктің жұмысы деп белгіленіп, әрбір министрліктің өздеріне қажетті функцияларын қойып жатырмыз», деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.