• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
16 Наурыз, 2017

Әзірлік барысымен танысты

79 рет
көрсетілді

Кеше Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев сайлау комиссияларының жұмысымен және олардың осы жылғы 26 наурызға белгіленген республика мәслихаттарының шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды өткізуге дайындығымен танысу мақсатында Астана қаласы №20 округінің №63 және №64 сайлау учаскелерінде болды, деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі. Сайлау учаскелерін аралау барысында сайлау комис­сия­ларының мүшелерімен үстіміз­дегі жылғы 13 наурызда Мемлекет басшысы қол қойған «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен то­лықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 10 наурыздағы Қазақ­стан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар кешені туралы Жарлық талқы­ланды. Аталған Жарлықты іске асыру мақсатында Ортсай­лауком «Қазақстан Респуб­ликасындағы сайлау туралы» және «Республ­икалық референдум туралы» конституциялық заң­дарына өзгерістер енгізу жөніндегі ұсы­ныстар дайындауда. Комиссия мүшелері сайлау заңнамасына өзгерістер енгі­зуді қажет ететін мәсе­лелер­ді – учаскелік сайлау комис­сияларының құрамы, олардың кәсі­би негіздегі жұмысы, сайлау­шы­лардың сайлау барысы кезін­де комиссиялардың қызме­тіне сенімін арттыру, сайлау­шылардың тізімдерімен жұмыс, дауыс беру рәсімдеріне инно­ва­циялық технологияларды енгізу және басқа мәселелерді көтерді.