• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
16 Наурыз, 2017

Кемел келешекке сенімді қадам

214 рет
көрсетілді

Алматыдағы Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясында аталған оқу орнының «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының ұйытқы болуымен республикалық семинар өтті. Шараның мақсаты – Елбасы ұсынған жаңа реформадағы өзекті мәселелердің маңызына мән беру. Жиынға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Леонид Питаленко, аталған оқу орнының басшылығы мен қызметкерлері, этномәдени бірлестік мүшелері, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты. Конституциялық реформа – ел ахуалын жақсартудың даң­ғыл жо­лы. Бүгінгі жиында бас қос­қан ға­лымдар Парламент пен Үкі­меттің әлеу­меттік-экономикалық бағ­дар­лама­лардың іске асуына тікелей жауап­ты болуы – олардың құ­зы­ре­тін арттырып қана қоймай, жауап­­­кер­­­шілігін күшейтетінін айтты. Жа­ңа енгізілген өзгерістер алдағы уа­­қытта мемлекеттің әлеу­мет­тік-эко­номикалық дамуына жол ашатын берік көпір болмақ. Заң ғылымдарының докторы Өмірәлі Жалайри: «Конституцияға заман талабына сай өзгерістер енгізу – уақыт талабы. Алға жылжу үшін осындай маңызды қадамға бару арқылы нақты мақсаттарды айқындау керек. Сондықтан бұл бір қатып қалған дүние емес. Қоғамдық қатынастардың дамығанына байланысты Конституцияға да өз­ге­рістер мен толықтырулар енгізуге болады. Сондықтан да Елбасының бастамасымен Конституцияға өзге­рістер мен толықтырулар енгізілді. Бір айта кетерлігі, енгізілген өзгеріс­тер мен толықтырулар жалпы­халық­тық бірлік пен келісімге, азамат­тарымыздың жақсы өмір сүруіне негізделген», – деді өзінің сөзінде. «Тәуелсіздік алған 25 жыл ішін­де Қазақстан сыртқы және ішкі сая­сатта көптеген жетістіктерге жетіп, атын әлемге танытты. Мем­ле­кет­тік басқарудың биік сатысын бағын­дырды. Бизнес пен өндірістің жан-жақты дамуына мүмкіндік жасады. Уақыт талабына сай Қазақстан хал­­қы Ассамблеясы елдегі елеулі оқи­­ға­лардан тыс қалған емес. Елба­­сы ұсынған жаңа реформаны талқылау кезінде Қазақстан халқы Ассам­блея­сының ұйымдастыруымен 400-ден астам іс-шара өткізілді. Елба­сы нақтылаған басым бағыттар мем­лекеттік басқарудың тиімділігін арт­тыратыны сөзсіз. Елдің экономи­калық және саяси өмірінің дамып, халқымыздың әл-ауқатының артуына да септігін тигізбек. Мұндай жүйе – әлемнің дамыған демократиялық қуатты елдеріне тән. Біздің еліміз де өзін бүкіл әлемге демократиялық, құқықтық мемлекет ретінде танытатын болады. Қабылданған түпкілікті шешім мемлекетіміздің игілігі жолында өз жемісін береді деп сенеміз», – деді Леонид Питаленко. Жиынға қатысушы ғалымдар енгізілген өзгерістер мен толық­тырулар елімізді дамытып, кемел келешекке деген сенімімізді нығай­татынын атап көрсетті. Арман ОКТЯБРЬ, журналист
Соңғы жаңалықтар