• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
16 Наурыз, 2017

Үкіметтік емес ұйымдар байқауы

256 рет
көрсетілді

Кеше Азаматтық бастамаларды қолдау ор­талығы жариялаған үкіметтік емес ұйымдарға ар­налған мемлекеттік гранттардың екінші конкурсының сарапшылық комис­сиясы отырыс өткізді. Комиссия орталыққа 185 ұйымнан келіп түскен 323 өтінімді қара­с­тырып, 47 гранттық тақырып бойынша 42 жеңімпазды анықтады. «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Нұрлан Өтешевтің айтуынша, байқауға 229 ұйымнан барлығы 386 өтінім түсіпті. − Сарапшылық комиссия соңғы екі аптаның ішінде өтінімдерді мұқият қарап, оларды 10 балдық жүйе бойынша бағалады, – деді Н.Өтешев. Қызыл Жарты Ай қоғамының бас директоры, сарапшылық комиссия мүшесі Елена Кимнің айтуынша, өңірлердегі үкіметтік емес ұйымдарға өтінім толтыруда тәжірибе жетіспейді. − Бірқатар өтінімдер грант тақы­ры­бына сай келмейді, кейбір тақырыптар бойынша өтінім­дердің саны аз. Сол себепті, сарапшылық комиссия бірқатар тақырып бойынша конкурсты қайта жариялау туралы шешім қабылдады, – деді Е.Ким. Комиссия тарапынан ең жоғары ұпайларға қол жеткізген үкіметтік емес ұйымдар келесі кезеңде «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының гранттық қаржыландыру саласындағы ортақ операторымен арада келісімшарт жасасатын болады. Екінші конкурс жеңімпаздарының тізімі Орталықтың ресми сайтында жарияланған. Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»