• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
16 Наурыз, 2017

Көрмеге Кения да қатысады

211 рет
көрсетілді

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ғимаратында ЭКСПО-2017 көрмесінің комиссары Рәпіл Жошыбаев Кения Сауда министрлігінің бас хатшысы – Кенияның ЭКСПО-2017 көрмесіндегі ұлттық секциясының комиссары Кристофер Киптоомен кездесті, деп хабарлады Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі. Кездесу барысында Ке­ния­ның Астанада өтетін көр­­меге қатысуы мен ұлт­тық күндерін өткізуі, сон­дай-ақ, павильонды кон­тент­­тік тұрғыда толтыру мәселелері сөз болды. Бұ­­­дан бөлек, тараптар ЭКСПО-2017 алаңы екі ел­дің арасындағы екіжақты қа­­­­рым-қатынастарды да­мы­ту­­­ғ­а және тауар айналы­мын арт­­тыруға серпін бе­ре­тін­ді­гін атап өтті. Кения комиссары өз ке­зе­­гінде Қазақстан мен Ке­ния­­­ның сауда-өнеркәсіп па­­­­латалары арасындағы ын­­­­­­­тымақтастық туралы ме­мо­­­­­­рандумға қол қой­ылу­ына зор маңыз бері­ле­тіндігіне на­­­­зар аударды. Сондай-ақ, К.Киптоо көрме барысында Ке­ния өзінің балама энергия көз­­­дері саласындағы, оның ішін­­де, күн энергетика­сын пай­даланудағы же­тіс­тік­те­рін көр­сететіндігін жет­кіз­ді. Кездесуде белгілі бол­ған­­дай, 2017 жылы Кения 81 га жерді қамтитын, қуаты 50МВт-ты құрайтын күн фо­то­электрлі электр станса­сын іске қосуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, Ке­ния кен орындарынан алы­­натын отын түрлерін пай­­даланудан бас тартып, 2050 жылға қарай 100 пайыз жаңғыртылатын энергия кө­­зін пайдалануды мақсат ету­­де. Кездесу соңында Р.Жо­шы­­­баев пен К.Киптоо Ке­ния­­ның ЭКСПО-2017 х­а­­­­лықаралық ма­ман­дан­ды­ры­л­ған көрмесіне қа­ты­суы ту­ралы шартқа қол қойды.