• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
16 Наурыз, 2017

Қазақ тілін үйрену клубы ашылды

341 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігінің бастамасымен Жамбыл Жабаев атындағы Киев қоғамдық кітапханасының қабырғасында алғаш рет Украинадағы қазақ диаспорасы өкілдерінің балаларына арналған қазақ тілін үйрету клубы ашылды. Курс бағдарламасында қа­зақ тілінің грамматикасы мен лексикасы, сон­дай-ақ, қазақ халқы­ның ұлы ой­шыл­дарының ең­бек­­­­­­те­рі­­мен таныстыру са­бақ­­­та­ры көзделген. Қа­зақ­с­тан- ­­­ның мәдени-та­ри­хи мұ­­расы, эко­номикасы мен қо­­ғамдық-саяси өміріне қ­а­тысты ар­найы дәрістер өт­кізу жос­пар­лануда. Клубтың ашылу салтана­тын­да сөз сөйлеген елші Са­мат Ордабаев мемлекеттік тіл­­ді меңгеру Қазақстандағы бір­­лік пен бірегейлікті ны­ғай­тудың басты факторы еке­нін атап өтті. Клуб өзінің жұмысын Қазақстан мен Украина ара­сын­дағы дипломатиялық қа­рым-қатынастар ор­на­ты­луының 25 жылдығына орай бастады. «Бұл бас­та­ма Қазақстан-Украина дос­ты­ғы­ның әрі қарай те­рең­­де­­ті­луі­не тағы бір жақ­сы қад­ам бо­латынына се­нім­ді­мін», – деді елші. Өз кезегінде Украина­да­ғы қазақ диас­по­ра­сының өкіл­­дері ана тіл­дерін шет ел­­де үйренуге берілген мүм­кін­­дік үшін алғыстарын айт­ты. «Егемен-ақпарат»