• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
16 Наурыз, 2017

Көлік тонаймын деп құрыққа түсті

202 рет
көрсетілді

Константин Володенко жасаған ұрлық орта дәрежелі қылмыс түріне жатады. Оның қасында көмекшілері болған. Яғни, ол қылмысқа топтанып барыпты. Қаладағы №2 соттың отырысында К.Володенконың амнистияға ілінгендігі туралы шешім шығарылды. Ол бір емес, бірнеше автомобильдің аккумуляторларын ұрлапты. Сыбайластары ең алдымен кімде қым­бат көлік бар, соны аңдып, ақпарат жет­­кізген. Ал олар тонауларын түн мез­гілін­де жүзеге асырып отырған. Ал ұрлан­ған аккумуляторларды алып­сатар­лар­ға өткізіп келіпті. Сөйтіп жүр­генде, К.Воло­денко қолға түсіп қалады. Көлік ұрлау­ш­ыларға Қылмыстық кодекстің 175-ба­бы бойынша, яғни бөтеннің мүлкін тонау, топталып барып қылмыстық әре­­кет­­терге бару істеріне қарай айып тағылған. Бірақ, оның жасаған қылмысы орта дәре­желі болғандықтан, ел Тәуел­сізді­гінің 25 жылдығына орай «Қазақ­стан Рес­пуб­ликасының рақымшылық тура­лы» Заңына ілігіпті. Сөйтіп, №2 сот­тың судьясы Жанат Әбенова бар­лық мә­се­лені заң бойынша бүге-шіге­сіне де­йін тексеріп, толық қарап, Констан­тин Во­ло­денконың ісін амнис­тияға жатқызды. – Мен өз жасаған ісіме өкінемін, – деді К.Володенко сот отырысында. – Отбасымды асырауға ақшам жетпеді. Содан кейін ұрлыққа бардым. Қазірде Затон аудандық полиция қызметкер­лері менің слесарь болып жұмысқа орналасуыма мүмкіндік жасады. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевқа үлкен рахмет. Менің қатемді түзетіп, адам болуыма мүмкіндік берді. Темір тордың ар жағына түспеуіме жағдай жасады. Енді ұрлық жасамаймын. Судья Жанат Әбенованың айтуынша, рақымшылық туралы заң кіші және орта дәрежелі қылмыс жасағандарға үл­кен жеңілдік береді. Қарамағында кәме­летке толмаған баласы бар әйелдер, жаң­ғызі­лікті аналар, екіқабат әйелдер, барлық топтың мүгедектері, Ұлы Отан соғы­сы ардагерлерінің балалары да осы рақым­шылық жасау туралы заңға ілініп, қайырын көріп отыр. Раушан НҰҒМАНБЕКОВА Семей