• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
16 Наурыз, 2017

АҚШ қорының азаюы мұнайдың қымбаттауына түрткі болды

244 рет
көрсетілді

Астана уақытымен таңғы сағат 10:00-де Брент маркалы мұнай құны 0,66 пайызға қымбаттап, 52,15 долларға көтерілді. Өткен апта тұрақты арзандаған қара алтын құнының қайта қымбаттай түсуіне кеше АҚШ Энергетика министрлігінің жасаған мәлімдемесі себеп болған. Апталық есепте АҚШ мұнай қоры бір аптада 531 000 баррельден 529 100 баррельге азайғаны айтылады. Сонымен қатар, елдегі жанармай қоры да айтарлықтай азайғаны айтылады. Сонымен қатар, өткен жылдың соңында ОПЕК+ елдерінің қабылдаған мұнай өндірісін азайту туралы келісімі де кестеге сай орындалып, уақыт өте келе өз жемісін беруде. Сарапшылардың айтуынша, ОПЕК өзінің белгілеген 60 долларлық бағаға жетуі үшін АҚШ мұнай индустриясы қазіргі қалпынан танбай, өндіріске қарқын бермеуі керек. Goldman Sachs инвестициялық банкі сарапшыларының мәліметінше, алдағы маусымда мұнай нарығындағы ұсыныс пен сұраныс теңесіп, баға қайта қалпына келуі тиіс.