• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 11:49

Бразилияда әлем чемпионаты кезінде стадион өртенді: Спортшылар аман ба?

20 рет
көрсетілді

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан семсерлесуден жасөсіпірімдер мен кадеттер арасындағы әлем чемпионатында төтенше жағдай орын алды. Халықаралық семсерлесу федерациясы Олимпиадалық стадион аумағындағы велодромның шатырынан өрт шыққанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Тілсіз жау басталған сәтте алаңда ешкім болмаған, соның нәтижесінде зардап шеккендер жоқ. Айта кетейік, 1 сәуірден бері стадионда алдын ала кездесулер өтіп жатқан болатын.

«Біз үшін әлем чемпионатының барлық қатысушыларының қауіпсіздігі мен әл-ауқаты – басты басымдық. Бұған дейін жарыстар велодромда да, «Кариока 1» аренасында да ұйымдастырылған еді. Енді барлық бәсекелер велодромнан қауіпсіз қашықтықта орналасқан «Кариока 1» аренасына ауыстырылды», деп мәлімдеді федерация өкілдері.

The Sun басылымының мәліметінше, қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Арнайы тергеу жұмыстары басталды.

Футболдан әлем чемпионаты финалының билеттері тағы қымбаттады

Еске сала кетейік, биылғы әлемдік додада Қазақстан намысын 17 семсерлесуші қорғап жатыр. 

Соңғы жаңалықтар