• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
16 Наурыз, 2017

БЖЗҚ-дағы қаржының 20%-ын инвестициялық табыс есебінен кірген

158 рет
көрсетілді

«2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда «таза» инвестициялық кіріс үлесінің жиынтығы зейнетақы жинақтарының 20%-н құрайды». Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жанындағы Қоғамдық кеңестің кезекті отырысындағы «Зейнетақы секторының қазіргі ахуалы және зейнетақы активтерін басқару туралы» баяндамасында Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д. Ғалиева хабарлады, деп жазады Ұлттық банктің баспасөз қызметі. Д. Ғалиева «зейнетақы қорларының кірісі бүкіл әлемде халықаралық қор нарықтарындағы ахуалдың және экономикалық конъюнктураның өзгеруіне байланысты және көбіне жағымсыз мәннен жағымды мәнге және керісінше өзгеруі мүмкін» екендігін атап өтті. Д. Ғалиева зейнетақы активтерін жеке басқарушы компаниялардың басқаруына беру жөніндегі ұсыныстарға да тоқталды. "Салымшыға инвестициялық стратегияны және жеке басқарушы компанияны таңдау құқығының беріледі. Бұл, біздің пікірімізше, зейнетақы қызметтерінің бәсекелес нарығын дамытуға түрткі болады. Мысалы, бәсекелес ортадағы жұмыс басқарушы компанияларды көбірек инвестициялық кіріс алуға, салымшыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға, инвестицияларды нарықтық талаптармен жүзеге асыруға ынталандыратыны анық. Бұл ұсыныстарды іске асыру Қазақстан Республикасының заңнамасына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізуді талап етеді. Зейнетақы жинақтарын басқару жүйесін болашақта реформалау тұжырымдамасы бүгінгі күні Қазақстан Республикасының Үкіметімен талқылануда»», – деп нақтылады Д. Ғалиева. Қазақстан Республикасы Ұлттық банк төрағасының орынбасары мемлекеттің зейнетақы төлемдерін алушыларға БЖЗҚ-ға нақты енгізген міндетті зейнетақы жарналарының зейнеткерлікке шыққан сәттегі инфляция деңгейі ескеріле отырып сақталатынына кепілдік беретінін еске салды. «Әлемнің ешбір басқа елінде мұндай кепілдік жоқ. Әдетте, зейнетақы жүйелеріндегі кепілдіктер жүйесін қатысушылардың өздері – зейнетақы қорлары немесе басқарушы компаниялар қамтамасыз етеді, олар инвестициялық кірістің белгіленген «бэнчмаркке» қатысты белгілі бір ең төменгі мөлшерлемесіне кепілдік береді. Көп жағдайда мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша кірістілік немесе елдің зейнетақы жүйесі бойынша белгілі бір кезеңдегі орташа алынған кіріс осындай «бэнчмарк» болады», – деп қорытындылады Д. Ғалиева.