• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
16 Наурыз, 2017

Головкин мен Джейкобс қай уақытта жұдырықтасатыны белгілі болды

177 рет
көрсетілді

Орта салмақта WBA (Super), IBO, IBF және WBC тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен дәл осы салмақта WBA (Regular) белбеуінің иегері америкалық Дэниел Джейкобс арасындағы кездесудің Қазақстанда өтетін нақты уақыты белгілі болды. Madison Square Garden аренасында өтетін бокс кеші елімізде 19 наурыз күні 07:50-де басталса, басты жекпе-жек, яғни Головкин-Джейкобс айқасы 09:40-та көрсетіледі. Алғаш болып шаршы алаңға никарагуалық Роман Гонсалес пен тайландтық Висаксил Вангек шығады. Бұл кештің андеркартында жұдырықтасатын боксшыларды мына жерден білуге болады. Сонымен қатар, «Қазақстан» және «KazSport» телеарналары көрсететін айқасқа еліміздің бұрынғы боксшылары Серік Сәпиев пен Бақтияр Артаев сарапшы болады.