• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
16 Наурыз, 2017

Сағынтаев Үлбі металлургия зауытында болды

449 рет
көрсетілді

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Үлбі металлургия зауытының жұмысымен танысты, деп хабарлайды primeminister.kz. Б. Сағынтаевқа сыйымдылығы жоғары конденсаторлы тантал ұнтақтар өндірілетін корпус қызметі таныстырылды, олар жоғары сапалы радио-электронды аппаратураның ажырамас құраушысы. Бүгінде ҮМЗ әлемге танылған уран және тантал өнімдерін шығарушылардың бірі. Кәсіпорын «ҚазАтомӨнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының құрамына кіреді. Зауыт өнімін экспорттаушылар Ресей, АҚШ, Қытай, Жапония, Германия, Франция, Австрия.   Кәсіпорын ядролық отынды қайта өңдеумен айналысады, сирек кездесетін металдарды және шала өткізгіш материалдарды, химия өнеркәсібі үшін минерал шикізаттарын және тыңайтқыштарды, басқа да негізгі бейорганикалық химиялық заттарды өндіреді. Негізгі өнім түрлері бойынша өндірістік қуаттылығы жылына 6 900 тоннаны құрайды. Кәсіпорынды одан әрі жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Жаңа технологиялар енгізіліп, индустрияландыру бойынша мемлекеттік бағдарлама жүзеге асырылып жатқан Үлбі металлургия зауыты аймақтағы ғана емес, еліміздегі жаңа экономикалық өсім үлгісінің негізіне айнала алады.  Өндіріс нысанын аралау нәтижесі бойынша ШҚО әкімі Д. Ахметов, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма Төрағасы А. Жұмағалиев және «ҮМЗ» АҚ Басқарма Төрағасы   Ю. Шахворостов ҚР Премьер-Министрінің қатысуымен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы аясындағы ынтымақтастық туралы үшжақты Меморандумға қол қойды.