• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
17 Наурыз, 2017

Екiбастұзда кремний зауытының құрылысы басталады

190 рет
көрсетілді

Алдағы мамыр айында Екiбастұзда кремний зауытының құрылысы басталмақшы. Облыс әкімдігінде өткен отырыста айтылғандай, зауыттың бастапқы жобасы бойынша алғашқыда өндірістік қуаты жылына 35 мың тонна болса, кейін 135 мың тоннаға дейін кремний өндіруді арттырмақ. «ANSA Silicon» ЖШС өкілі Б.Тоқ­­та­сыновтың мәлімдеуінше, жаңа зауыт құрылысын жүргізу үшін Екі­бас­тұздағы №1 МАЭС стансасының жанынан 70 гектар жер бөлініпті. Электр қуатын стан­­саның өзінен, квар­цитті Қара­ған­­дыдан, мұнай коксы об­лыс орта­лығынан, ағаш кесінділерін Ресей­ден тасымалдайды. Жобаға құйылған инвестициялардың жалпы көлемі 38 млрд доллар. Кәсіп­орынның үшінші кезегі іске қосылғанда 600 жұмыс орны ашы­лады. Келесі жоба –тағы да Екі­бас­тұзда, Шідерті кентінде қыста қат­пайтын отын шығаратын зауыт салынады. Бұл туралы «Нұр Мұнай М» компаниясының басшысы Қ.Қалиев мәлімдеді. Құрылыс жұ­мыс­тары осы жылдың соңына дейін аяқталуы мүмкін. Жобаның құны 1,8 млрд теңге. Инвестордың айтуынша, жобаны мәскеулік инжинирингтік компания жасапты. Зауытта өндірі­ле­тін дизель отынын -25-тен -55 градусқа дейінгі суықта да қолдануға болады. Сонымен бірге, кәсіпорында АИ-72, АИ-76 мар­калы жанармай мен газ отыны шығарылады. Аты айтып тұр­ға­нындай, суыққа қатпайтын отын жобасы жүзеге асып жатса, әрине, құба-құп. Мысалы, былтыр облыс орталығында брикеттелген көмір шығаратын «Убунту» ЖШС іске қосылды. Зауытта Оңтүстік Кореяда шығарылған заманауи жабдықтар орнатылған. Жеке үй­лер­дің қарапайым пештеріне ар­налған көмір 24 келілік қаптарға салын­ған. Мәселенің мәнісі ауыл­дықтар осы ерекше көмірдің артық­шылықтарын білулері керек, сонда ғана сұраныс көбейеді. Кәсіпорын 35 адамға жұмыс берді. Үшінші жоба бойынша шілде айы­нан бастап «Павлодар» арнайы эко­номикалық аймағында қоспалы алю­миний өндірісі іске қосылады. Бұл жобаның «кереметі» жайлы «Gissenhaus» ЖШС басшылығы айтып бер­ді. Компанияның бас директоры Эдуард Швецтің айтуын­ша, алдағы уақыт­та арнайы эко­но­микалық аймақта «қа­натты метал­ды» қайта өңдеу кешені сал­ына­ды. Қоспалы алюминийді еліміздің өңірлеріне, тіпті шетелдерге де экспортқа шығара алатын боламыз, дейді «Gissenhaus» ЖШС өкілдері. ­ Жергілікті билікпен, «Пав­л­одар» АЭА басшылығымен де іс­кер­лік қарым-қатынас жасауға дайын. Бірақ, жаңашыл жобаларға осы «бірақтан» басталатын бөгет­тердің болатыны өкінішті. Шетелдік құрал-жабдықтарды өңірге жеткізу оңай емес. Жобалау-сметалық құ­жат­­тары дайын болмайынша, жаб­дық­тарды әкелу, орнату да мүм­кін емес. Екіншісі, кәсіпорынға біз­дер алып жобалар сызған кезде ұмыт қалдыратын аса қажетті инфра­құ­рылымдық жүйелер қажет екен. Үшіншіден, сұйық алюминийді облыс орталы­ғының бір шетінен екінші шетіне, яғни арнайы экономи­калық аймақ­қа жеткізу үшін айналма жолдың қажеттігі тағы бар. Енді Екібастұзда салынады деген кремний зауытына келейік. Бұл да ойланарлық жоба. Қараған­дылық кремний зауытының жағ­дайы жайлы білетін болармыз. Жалпы, қазір ең арзан кремнийді Қытай өндірсе, ал, біздің еліміздің кремнийі жоғары сапалы саналады екен. Қазақ тілінде кремний кәдімгі шақпақ тас. Өңірде үдемелі индустриялық-ин­но­вациялық даму мемлекеттік бағ­дар­л­амасы аясында биыл 300 млрд тең­гені құрайтын 15 жоба жүзеге асы­ры­лады, дейді индус­трия­лық-ин­но­ва­циялық даму бас­қармасы. Жо­ға­рыда айтылған «Gіessenhaus» жо­басы­на 4,5 млрд теңге тартылыпты. Жос­пар бо­йын­ша алюминий құйын­ды­сын шығаратын кәсіпорын келе­сі жылы мамыр айында іске қосыл­мақ. Сон­дай-ақ, 25 млрд теңге с­а­лын­ған «Тemir logistik» ЖШС, Пав­­ло­дар мұнай-химия зауытын жаң­ғыр­ту, «Про­м­машкомплект» ЖШС-нің темір жол дөң­гелектері өндірісі­нің кешені, «Дәне­кер» ШҚ» ЖШС-нің суару жүйесі, «Ромат» ЖШС-нің облыс орта­лы­ғындағы фармацевтикалық зауыт құрылысы, Екібастұз ет өңдеу зауыты және басқа да жобалар бар. Басқарма мамандарының айтуынша, өңірде 2015-2019 жылдары жалпы құны 1,3 трлн теңгені құрайтын 37 жобаны жүзеге асырудың нәтижесінде 8,5 мың жұмыс орны ашылады. Бес жоба Индустрияландыру картасы аясында, 32-сі кәсіпкерлікті қол­дау картасы бойынша орында­ла­ды. Өткен жылы облыста бес кә­сіп­орын іске қосылған. Мы­салы, келесі жылы облыстық он­ко­ло­гиялық диспансердің құры­лы­сын бастау жоспарланып отыр. Ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамта­масыз ету жөніндегі 25 жобаны іске асыруға қазынадан 7,4 млрд теңге бөлінеді. Облыс орталығында мемлекет-жеке меншік әріптестігі аясында «Shapoorji Pallonji» үнді компа­ния­сымен құны 50 млрд теңге тұра­тын облыстық аурухана құрылы­сы бо­йынша меморандумға қол қойылған. Инвестор демекші, бір қызығы, егер инвесторлар ал­ған жерлерін уа­қы­тында пайда­лан­баса салық пен айып­пұл салуға бола ма, болмай ма деп оны да ойлануымыз керек екен. Мы­салы, Ертіс ауданындағы бос тұр­ған элеваторға инвестиция са­лып, жөндеп, қайта іске қосқан «Кахалонг-Астық» ЖШС-ге өзіне бө­лін­ген жерлерді пайдаланбағаны үшін 17 миллион теңге айыппұл са­лы­­ныпты. Олай болса, шеттен кел­ген ин­весторлардан еліміздің заң­да­рын орындауларын талап еткен дұрыс. Біз жобалар жайлы жайдан-жай жа­зып отырғанымыз жоқ. Жоба­лар жолға түсіп, ел игілігін көрсе қуа­н­амыз. Өкініштісі, дәл осын­дай 600-1500 жұмыс орын­дарын ашамыз, тонналап өнім өндіреміз деген дүбiрлi жобалар бұрын да сәтті басталып, қалай, немен аяқталғанын көрiп жүрмiз. Екібастұздың өзіндегі 4,5 млрд теңге қаржы жұмсалды деген өңір­­лік оқу орталығы 2009 жылы бас­талған-ды. Бiрақ, алып құры­лыс нысанының дау-дамайы әлi жал­ғасуда. Нысан қазір құлауға шақ тұр. Біз газетімізде бұл нысан туралы бірнеше рет жаздық та. Сөйтсе, құрылысты аяқтау үшін «Кәсiпқор» холдингiнің есебінше, тағы да 2,8 млрд теңге қажет екен. Екiбастұздағы екінші даулы кәсiпорын – «Қазақстан вагон жасау компаниясы» ЖШС. Бұл туралы да талай рет жаздық. Қазiр аталмыш кәсiпорын сатылуға қойылған сияқты... Фарида БЫҚАЙ, «Егемен Қазақстан» Павлодар облысы