• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
17 Наурыз, 2017

Онкологиялық диспансер емханасы құрылысына қаржы керек

194 рет
көрсетілді

Көкшетау қаласындағы Ақмола облыс­тық он­кологиялық диспансерінің ғима­раты 1990 жылы салынып, пайдаланылуға берілген болатын. Сол кезде жобада дис­пансердің емханасын салу қарас­­­тырыл­мағандықтан, қазір халыққа амбу­ла­тория­лық-емханалық көмектің 10 түрі диспансердің стационарлық емдеу корпусының бейімделген 6 кабинеттерінде кезекпен көрсетіліп келеді. Бұл жағдай онкологиялық көмек көрсету, пациент­терді қарап-тек­серу сапа­сына, сондай-ақ, бар­­лық бөлім­ше­лердің палаталарында төсек орнының тығыз болуына әкеліп соқтырып отыр. Санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға да еш сәйкеспейді. Қазақстан Республикасында онко­ло­­гиялық қызметті дамытудың 2012-2016 жылдарға арналған бағ­да­рламасының аясында бірқатар медиц­и­налық жабдықтар (компьютерлік томо­граф, рентген-аппарат және эндо­ви­део­скопиялық жабдықтар ) алын­ға­ны­мен, емхананың жоқтығынан сол жаб­дық­тарды аурухананың асханасы­на ор­наластыруға тура келген. Енді асхана жоқ. Қазіргі уақытта, науқастар өз пал­аталарында және бөлімшелерде бейім­делген орындарда тамақтанады. Бағдарламаға сай онкологиялық диспансердің базасында онкологиялық науқастарға қалпына келтіру және пал­лиативті көмек көрсету бөлімшесін ашу көзделген. Бірақ, бос үй-жайлардың болмауынан бұл көмек облыс орталығынан 20 километр жердегі ауылдық дәрігерлік амбулатория базасында көрсетіліп келеді. 2011 жылдан бастап онкологиялық науқас­тарға стационарды алмастырушы көмек көрсету ұйым­дастырылды. Бүгінгі таңда, 25 төсектік орында емдеу жүргізілуде, емделушілер саны 4 есеге ұлғайған. Күндізгі стационарда негізінен Көкшетау қаласының пациенттері ем алуда, ал пансионат болған жағдайда көмектің осы түрі облыстың шалғайдағы аудан тұрғындарына да қолжетімді болар еді. 2015 жылдың ақпан айында мемлекет­тің сараптамасымен жобалау-сметалық құжатта­маны әзірлеу аяқталып, бұған 16,5 миллион теңге қаржы шығарыл­ды. Жобалау-сметалық құжатқа сәйкес, медициналық жабдықтар сатып алуды қосқанда, барлық жұмыстардың құны 2,6 миллиард теңгені құрайды. Жаңа емхана құрылысының жобасында пансионат та көзделген. Жобалау-сметалық құжаттың мерзімі 2018 жылдың ақпан айында аяқталады. Міне, осы жағдайды және Ақмола облысының субвенциялығын ескере отырып, Үкімет Көкшетау қала­сында ауысымына 150 адамды қабылдауға арналған онкологиялық диспансер емханасының құрылысын 2017 жылы қаржыландырса, өте бір сауапты іс тын­дырғаны болып шығар еді. Жабал ЕРҒАЛИЕВ, Рашит ӘКІМОВ, Сенат депутаттары