• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
17 Наурыз, 2017

Әкімдік пен бизнестің әріптестік байланысы

169 рет
көрсетілді

Мемлекет-жекеменшік әріп­тестігі аясында елімізде бү­гінге дейін 335 жоба жүзеге асқан. «Бұл бағыттағы заңдарға толықтырулар мен өзгертулер енгізілді, соның нәтижесінде құжаттар қарау мерзімі үш есеге дейін қысқарды. Ведом­ствоаралық жоба тобына жаңа міндеттер жүктелді, енді кейбір сараптаманы банктер де жүргізе алады», − деді Атырауда өткен семинарда «Қазақстанның мем­лекет-жекеменшік әріптестігі ор­талығы» АҚ вице-президенті Айдос Көбетов. Аталған әдісті дамытуда Елбасы тапсырмасына орай мұ­найлы өңірде екі жоба бойынша жұмыс жүріп жатыр. Олар: облыс орталығындағы «Балықшы» шағын ауданында 160 орындық балабақшаны жаңғырту және Ақсай ауылында дәрігерлік амбу­латория салу. Ал облыс әкімі­нің орынбасары Ғұмар Дүй­сембаевтың айтуынша, Атырау қаласында 20 балабақша, 8 мектеп, 1 дәрігерлік амбулаторияны мемлекет-жекеменшік әріп­тестігі жүйесі негізінде іске асыру жоспарда бар. Бақытгүл БАБАШ, «Егемен Қазақстан» АТЫРАУ