• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
17 Наурыз, 2017

Бүгін еліміздің кей жерлерінде жауын жауып, тұман түсуі мүмкін

98 рет
көрсетілді

Бүгін еліміздің оңтүстік-шығыс, шығыс және батысының кей жерлерінде атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты аздаған жауын-шашын болады. Кей жерлерде тұман болып, желдің күшеюі сақталады, деп хабарлайды «Қазгидромет». Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел екпіні 17-22 м/с дейін артуы мүмкін. Күндіз кей жерлерінде тұман түседі. Ақмола, Жамбыл, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Жамбыл облысында, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аймақтарында 15-20 м/с дейін дейін жел күшейеді. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейіп, түнде Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болады.