• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
17 Наурыз, 2017

Есірткі сатып есіргендер

170 рет
көрсетілді

Қызылордалық құқық қорғаушылардың назарына газетке оралған дүниені әлдекімге сатып жатқан азамат­тың әрекеті сезікті көрінеді. Тексере келе, газетке оралған заттан өзіндік иісі бар ұнтақ секілді нәрсе табылады. Әлгі оны 2 мың теңгеге сатып тұр екен. Содан жаңағы затты құқық қорғау орган­дарының қызметкерлері тәркілейді. Тәркі­ленген затқа тиісті сараптама тағайындалып, нәти­жес­інде бірінен 3,31 грамды және екіншісінен 4,0 грамды құрайтын «кептірілген марихуана» шыққан. Ұсталған азаматтың үйін тексеру барысында тағы 1 жарым килограмға жуық есірткі заты табылды. Оны күдікті үй ауласындағы жертөлеге полиэтилен пакетке орап тығып қойған. Затқа сараптама тағайындалып, жалпы салмағы 1 кило 260 грамм «кептірілген марихуана» екендігі анықталған. Қазіргі таңда оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті Сырдария аудандық ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау абақтасына қамауға алынды. Тиісті сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Дәл осындай факт 16 ақпан күні де тіркелген. Есірткі затын саудалап тұрған жерінен 1968 жылы туған Бесарық ауылының тұрғыны ұсталды. Оқиға орнынан айғақ зат ретінде 2 дана газет қиындысына оралған жасыл түсті өзіне тән иісі бар зат алынды. Белгісіз затқа сараптама тағайындалып, 5,39 грамм және 5,83 грамм құрайтын «кептірілген марихуана» екендігі анықталды. Ол да қамауда отыр. ҚЫЗЫЛОРДА