• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
17 Наурыз, 2017

Алматы-Ташкент бағытында жаңа "Тұлпар-Тальго" жүрдек пойызы жолға шығады

236 рет
көрсетілді

Ташкентте "Қазақстан Темір Жолы" АҚ" ҰК мен «Узбекистон темир йуллари» АҚ делегацияларының кездесуі аяқталды, деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі. Шарада бұрын екі ел үкіметтері уағдаласқан № 1/2 «Алматы-Ташкент» халықаралық жүрдек пойызын шығару туралы келісімді жүзеге асырудың техникалық тұстары талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша төмендегі мәселелер пысықталып, шешімін тапты: мүмкіндігі шектеулі жандар мен оларды алып жүретін адамдарға арналған орындарға 70% көлемінде өзара жеңілдік беру туралы; қол жүктері мен жүк багаждарын тасымалдау тәртібі туралы; № 1/2 «Алматы-Ташкент» жүрдек пойызының қатынау кестесі туралы және т.б. Наурыз мерекесінің қарсаңында жаңа тұрпаттағы кең кузовты «Тұлпар-Тальго» вагондарынан тұратын № 1/2 «Алматы-Ташкент» жүрдек пойызының жолға шығатынын естеріңізге саламыз. Пойыз Алматыдан дүйсенбі мен сенбі күндері, ал Ташкенттен сейсенбі мен жексенбі күндерінде қатынайтын болады. Жолда жүретін уақыты шамамен 16 сағ 30 минут. Аялдайтын бекеттері: Отар, Шу, Тараз, Шымкент, Сарыағаш және Ташкент.