• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
17 Наурыз, 2017

Сағынтаев Семей жұртшылығымен кездесті

102 рет
көрсетілді

ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Семей қаласының жұртшылығымен кездесу өткізді. Кездесу барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері талқыланды, деп хабарлайды primeminister.kz. Бақытжан Сағынтаев кездесу қатысушыларына елімізде жүргізіліп жатқан Конституциялық реформалардың мәнін түсіндіріп, Үкіметтің ҚР Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру бойынша атқарып жатқан жұмыстары туралы айтты. ҚР Премьер-министрі экономикалық өсімнің жаңа үлгісін қалыптастыру үшін Үкімет өз жұмысын 5 маңызды басымдыққа жұмылдыратынын айтты. Соның ішінде - жаппай кәсіпкерлікті дамыту, өндірістік жұмыспен қамтуды арттыру, технологиялық жаңарту және экономиканы цифрландыру, қаржылық тұрақтылықпен қамтамасыз ету және салалық бағдарламаларды іске асыру бар. Кездесуге қатысушылар өңірдің өзекті мәселелерін талқылап, ШҚО-ның одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі өз ұсыныстарын айтты. Кеңес барысында тұрғын-үй құрылысы, ауыл шаруашылығын дамыту, денсаулық сақтау саласына мемлекеттік қолдау көрсету, кәсіби-техникалық білім беруді дамыту және білім берудің үштілділік жүйесін енгізу мәселелері қозғалды. Кездесу қорытындысы бойынша ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев облыс пен қала басшылығына өңірді одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамыту мәселелері жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.