• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
14 Қыркүйек, 2011

Елбасы қабылдады

279 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қа­зақ­стан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төр­ағасы Орал Мұхамеджановты қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Прези­дентінің баспасөз қызметі. О. Мұхамеджанов Президентті Парламенттің бесінші сессиясының ашылуында Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың орындалу барысынан хабардар етті. Атап айтқанда, 2012-2014 жылдарға арналған бюджет, діни бірлестіктер, электр қуатын үнемдеу және тиімді пайдалану, индустриялық-инновациялық саясатты мемлекеттік қолдау туралы бірқатар заң жоба­ла­ры­ның Мәжілістегі танысты­ры­лымы туралы сөз бол­ды. Тиісті комитеттер, жұмыс тобы бұл заңдардың жо­баларын қарауға кірісті. Сонымен қатар, О.Мұхамеджанов Мемлекет басшысын Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеудің Жоспарына сәйкес осы жылы Парламентте өтетін халықаралық шаралар туралы хабардар етті. *  *  * Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің дирек­торы Аманжол Жанқұлиевті қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Прези­дентінің баспасөз қызметі. А.Жанқұлиев Президентке ведомствоның ағым­да­ғы қызметі туралы баяндады.