Кеше Еуразиялық экономикалық қоғамдастық (ЕурАзЭҚ) Парламентаралық Ассамблеясының Іс басындағы төрағасы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов ЕурАзЭҚ ПАА-ның жауапты хатшысы Петр Зверевті қабылдады, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Орал Мұхамеджанов аталған ұйымның Бюро және тұрақты комиссиялары отырыстарының күн тәртібі жобаларын қалыптастыру туралы, сондай-ақ Парламентаралық Ассамблея Хатшылығы мен парламентаралық ынтымақтастықтың қызметін ұйымдастыру жөнінде ұсынымдарын айтты.
Мейман ЕурАзЭҚ ПАА-ның ұйымдастыру-құқықтық жағдайы туралы мәліметтерді алға тартты.