• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
14 Қыркүйек, 2011

Кеңестің кезекті басқосуы

246 рет
көрсетілді

Кеше Президент Әкім­шілігі Басшысының орынба­са­ры Т.С.Донақовтың төраға­лы­ғымен Қазақстан Респуб­ликасы Президентінің жа­нын­дағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің кезекті отырысы болып өтті. Кеңес отырысында аза­мат­тардың жеке өміріне қол сұғылмаушылық тұрғысынан конституциялық құқықтарын қамтамасыз етуге бағыт­тал­ған заңнамалық тетіктерді же­тілдіруге қатысты мәселе қаралды. Аталған мәселелер бой­ын­ша Бас прокура­тура­ның ақ­параты тыңдалды. Өткізілген Құқықтық саясат жөніндегі кеңес отыры­сы­ның ұсынымдары Қазақ­стан Республикасының заң­на­масын және құқық қолдану қызметін әрі қарай жетілдіруде ескерілетін болады. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік құқық бөлімі.