Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында, Қазақстанның Ислам ынтымақтастығы ұйымына төрағалық етуіне орай, сондай-ақ қасиетті Құран ілімін кеңірек тарату мақсатында Иран Ислам Республикасы елшілігінің және елордадағы Ұлттық академиялық кітапхананың ұйымдастыруымен «Қасиетті Құранның Иран өнеріндегі көрінісі» атты көрменің ашылу салтанаты болды.
Көрмеде Иранның Рахим Чархи (тазхиб – Құран сүрелері мен аяттарын өрнектермен жиектеу, алтын жалату техникасы), Парвиз Назари (металдан өрнек ою) және Хасан Моллави (каллиграфия) секілді танымал шеберлерінің Ислам, Құран тақырыптарындағы 75-тен астам туындылары көрермен назарына ұсынылып, өнердің осы саласымен кеңірек танысамын деушілерге шеберлік сыныптар өткізілді.
Көрмеге қойылған экспонаттар арасында ерекше өрнек-жазуымен орындалған қасиетті Құранның сирек басылымдары, шет тілдердегі аудармалары, Иранда шығарылған Құран туралы аудио-видео дискілермен қатар, көпшілікті қызықтырған «сөйлейтін Құран да» бар.
Берік САДЫР.
Суреттерді түсірген Ағыбай АЯПБЕРГЕНОВ.