Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатында Астананың «Барысы» өз айдынында Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» командасын қабылдап, 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Кездесудің бар-жоғы екінші минутында айдын иелері есеп ашып үлгерді. Шабуыл шебінде өнер көрсететін Никита Ивановтың соққысына қақпашы тосқауыл бола алмады. Арада үш минут өтер-өтпес, канадалық қорғаушы Кэм Баркер есепті еселей түсті.
Екінші кезеңде «Куньлунь Ред Стар» командасының сапынан француз шабуылшысы Дамьен Флэри 30-минутта есепті қысқарта білді.
Ал соңғы 20 минутта «Барыс» айтарлықтай басым болды. Алдымен 45-минутта Найджел Доус қарсы қақпаға төртінші шайбаны соққан болса, матчтың аяқталуына екі минут қалғанда, 58-минутта Роман Старченко кездесудің нүктесін қойды.
Еншісінде 45 ұпайы бар «Барыс» Шығыс конференциясында 7-орынға көтерілді. Келесі ойынын 25 қарашада «Адмирал» командасына қарсы өткізеді.