• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
23 Қараша, 2016

Чернобыль апаты зардабын жоюшыларға монумент ашылды

535 рет
көрсетілді

Екібастұзда Чернобыль атом электр стансасы апатының зардабын жоюға қатысқан жауынгерлерге арналған монумент ашылды, деп хабарлады pavlodarnews.kz. Кеншілер қаласының әкімі Қайрат Нүкенов тұрғындар мен апат зардабына қатысушыларды айтулы шарамен құттықтады. «Биыл Чернобыль апатының орын алғанына 30 жыл толып отыр. Содан бері ширек ғасырдан астам уақыт өтсе де зұлмат апаттың зардабы ұмытылған жоқ. Қазақстаннан Чернобыльге 32 мыңнан астам адам қатысты. Олардың қатарында Павлодар облысынан аттанған 1200 жерлесіміз апат орын алған аймақты қалыпқа келтіруге зор үлес қосты. Біз бұл азаматтардың ерлігін  әрдайым есте сақтаймыз», –­ деді Қайрат Нүкенов. «Чернобыль одағы» ҚБ Екібастұз қалалық филиалының төрағасы Ғабдылхамит Қаржасовтың айтуынша, Чернобыль атом стансасына Екібастұздан 100 шақты адам аттанған. Өкінішке орай, олардың жартысына жуығы қайтыс болған. Қазір қалада 53 ардагер тұрады.
Соңғы жаңалықтар