• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
24 Қараша, 2016

Марстан алып теңіз табылды

190 рет
көрсетілді

Америка мен Канаданың геофизиктері Марстан мұз болып қатқан теңіз тапты, деп хабарлады lenta.ru. Утопия жазығында 1-10 метр тереңдікте орналасқан теңіздің 50-80 пайызы мұз болып қатқан судан тұрады. Мұз болып қатқан су қоймасының қалыңдығы 80-170 метр болса, көлемі 14,3 мың км. Ғалымдар бұл теңізді MRO (Науs Reconnaissance Orbiter) орбита станциясының SHARAD (Shallow Radar) радиолокаторының көмегімен тапқан. MRO аппараты Марсқа 2005 жылы жіберіліп, қызыл ғаламшарға 2006 жылы жеткен болатын. Ал 2008 жылы негізгі тапсырма аяқталғанмен, Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқарма істі ары қарай жалғастыруды дұрыс деп шешті. Ғаламшардың беткі қабатын суретке түсіргеннен бөлек бұл аппарат Науs Rover арқылы Жерге дабыл беруге септігін тигізеді.