• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
24 Қараша, 2016

Ұлттық арнадағы «Ой-толғауды» жіберіп алмаңыздар!

288 рет
көрсетілді

«Қазақстан» ұлттық арнасы қоғамда шешімін таппай жүрген сан алуан мәселелерді зиялы қауым талқысына салып, «Ой-толғау» бағдарламасы эфирінде рухани әңгіме өрбітіп келеді. Ұлттық арнаның жаңа маусымда эфирге шыққан бағдар­ламасының бүгінге дейін 10 хабары көрермен назарына ұсынылды. Әр бағдарламаға арнайы студия қонағы ретінде қалың жұртшылық жақсы танитын тұлғалар шақырылды. Мұндағы негізгі мақсат – сұхбатқа қатысушылардың өмірдегі жетіс­тіктерін, парасат-пайымын, еңбек тәжірибесін өскелең ұрпаққа үлгі ету, сондай-ақ әңгімеге арқау бол­ған тақырыпқа қатысты ой бө­лісіп, көзқарастары мен ұстаным­дарын білу. «Ой-толғау» бағдарламасының кезекті саны 26 қарашада эфирге шығады, ал оның қонақтары – Қазақстан Композиторлар ода­ғының төрайымы Балнұр Қыдыр­бек пен композитор Жоламан Тұр­сынбаев. Ақын Қалқаман Сарин жүргізетін бағдарламаны жіберіп алмаңыздар! «Егемен-ақпарат»