• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
24 Қараша, 2016

Универсиаданың бас медициналық серіктесі

190 рет
көрсетілді

Алматыда 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік Қысқы Универсиаданы ұйымдастыру және өткізу бойынша дирекциясы халықаралық INVITRO медициналық компаниясымен ынтымақтастық туралы екіжақты келісімге келді. Соның негізінде INVITRO компаниясы халықаралық жарыстардың ресми медициналық серіктесі атанды. Келісім негізінде медициналық компания жарысқа қатысушыларды лабораториялық диагностикамен толық қамтамасыз ететін болады. Осы мақсатта медицина­­лық компанияда 13 басты анализ­ді құрайтын арнайы «INVITRO дені сау командасы» про­филі жасалды. Оларды ОАК, АЛТ, АСТ, жалпы белок, билирубиндер, креатинин, глюкоза, холестерин, К/NA/CA2, тестостерон, кортизол және СК-креатинкиназа құрай­ды. Бір айта кетерлігі, Уни­версиада кезінде INVITRO компаниясы қатысушыларға кез келген лабораториялық зерттеуден өтуіне мүмкіндік береді. Бірақ ол үшін дәрігердің рұқсаты қажет. – 28-ші Дүниежүзілік Қысқы Универсиада мен INVITRO компаниясының арасындағы серіктестік – ұйым­дастырушылар тарапы­нан қатысушылардың сапалы лабораториялық диагности­ка­дан өткенін қалайтынын білдіреді, – дейді INVITRO компаниясының бас директоры Александра Тимофеева. Оның айтуынша, осы тұр­ғыда компанияда барлық мүм­кіндіктер бар. Бұған озық заманауи жабдықтар, жоғары дәрежелі мамандар көмекке келеді. Өз кезегінде қысқы Уни­вер­­сиаданы өткізу және ұйым­дастыру дирекциясы дирек­торының орынбасары Кәмила Лұқпанова аталған серік­тес­тіктің маңыздылығын атап өтті. – Универсиаданың ұйым­дастыру комитеті спортшы­лар­ға бейжай қарай алмайды, сондықтан олардың сапалы диагностикадан өткенін қалаймыз. Сондай-ақ, анализдер про­филі Универсиаданың басты әрі маңызды медициналық қамтамасыз етуі болып табылады. Осы орайда, INVITRO біздің ресми серіктесіміз атанғанына өте қуаныштымыз. Бұдан бөлек, ойындар кезінде Алматы қаласының 8 стационары медициналық көмек көрсетіп, 30 жедел жәрдем бригадасы жұмылдырылатын болады, – деді ол. Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»