• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
24 Қараша, 2016

Қысқы спорт қағажу көрмейді

541 рет
көрсетілді

Алматы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Тұратбек Шарапиевтен жүздесіп, аймақтағы спорттың бағыты және қысқы спорт түрлері туралы пікірлескен едік. – Тұратбек Төлебекұлы, қыс­қы спорт түрлеріне жетісу­лық­тар қандай дайындықпен келді? – Облыста қысқы спорт түр­лерін дамыту мақсатында 2013 жылы Талғар ауданында мамандандырыл­ған балалар мен жасөспірімдер спорт мек­­тебі ашылған еді. Онда 33 жат­­­тық­тырушы биатлон, шорт-трек, шаңғы жарысы, шаңғы­мен бағдарлау, президенттік көп­­сайыс бойынша 972 оқушы­ны жат­тық­тыру­ды қолға алды. Бұлар­­дың арасында биатлоннан 2010 жылғы Ванкувер Олим­пия ойындарының күміс жүлде­гері, Азия Ойындарының алтын жүл­де­гері Елена Хрусталева да бар. Негізі, спортшының алға ұм­ты­лып тұруы үшін тұрақ­ты түрде қысқы спорт түрлері­нен спартакиада, турнирлер өт­кі­­­зіп келеміз. Жоғары жетіс­тік­­­­тер­ге жету жолдарының бірі қар­­қын­­­ды оқу-жаттығу сабақ­тары, жарыс­­­тар алдында арнайы өт­кізі­летін оқу-жаттығу жиындары болып есептелетіні мәлім. Уни­вер­сиада-2017 жарысы ал­дында шаң­ғы қоссайысы коман­­дасы­ның мүше­лері Талғар ауданы­ның Бес­қайнар ауылында орналас­қан В.Смирнов атындағы спорттық базасында арнайы дайындықтан өтуде. – Үлкен спортта жеткен жетіс­­тіктеріңізді салалап айтып бере аласыз ба? – Биыл тамызда Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен Олимпиада ойындарында ауыр атлетикадан Карина Горичева қола медаль ұтса, Маргарита Елисеева мен боксшы Жәнібек Әлімханұлы бесінші орынға ие болды. Ал Пара­лимпиада ойын­дарында пауэрлифтингтен Раушан Қойшыбаева күміс медаль алды. «Жетісу» волейбол ко­ман­дасы – Қазақстанның 7 дүр­кін чемпионы, Кубок иесі. Ол 2015 жылы алғаш рет өткізілген Суперкубокты алды. Сондай-ақ, Азияның клубтық командалар ара­сындағы жүлдегері болып табылады. Гандболдан «Іле» жасағы өткен жылы чемпиондыққа қол жеткізді, жақында Қызылордада өткен Азияның клубтық командалары чемпионатында үшінші болды. «Бесарыс» көгалдағы хоккей әйелдер клубы 3 мәрте Азия чемпионы, көгалдағы хоккей мен оның бір түрі – индор-хоккейден Қазақстанның 5 мәрте чемпионы болды. «Қапшағай» баскетболдан ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында 3-орынды иеленді. «Олимп» регби командасы чемпион атанды. Сол сияқты облыстың көк­пар командасы Қазақстан чем­пио­натында үшінші орыннан көрінді. Мемлекет басшысының бұ­қара­­лық спортпен шұғылдану­шы ха­лық­тың санын 30 пайыз­ға дейін жеткізу туралы мін­детін орындау мақсатында об­лыс­тың барлық ауылдық округ әкім­дік­терінің ап­па­рат­тарына 253 спорт әдіскер-нұсқаушы бері­ліп, волейбол, футбол, баскетбол секілді спорт түрлері бойынша сек­циялар жүргізуде. Облыс әкі­мі­нің өкімімен республикалық және халықаралық жарыстарда жо­ғары нәтижелерге жеткен 60 үздік спортшыға және 21 мүге­дек-спортшыға ай сайын 30-300 мың теңге аралығында сыйақы төленуде. – Әлем көз тігіп отырған Уни­­вер­­сиадаға кімдер қаты­сады? – Бүкіләлемдік 28-ші қысқы Универсиадаға облыстан шаңғы қоссайысынан 3 спортшы қатыса­ты­ны белгілі болды. Қазіргі таң­­да олар Ресейдің Нижний Тагиль қа­ласында оқу-жаттығу жиы­­нын өткізіп жатыр. Бұдан кейін 5 жел­тоқсан – 10 қаңтар аралы­ғын­да Гер­мания, Норвегия, Австрия, Сло­вения елдерінде өтетін Құр­лық­тық Кубок жарысына ат салы­са­ды. Сондай-ақ, шаңғышы Абзал Кә­рі­шалов 2017 жылы АҚШ-та өте­тін әлем чемпионатына қаты­сады. – Универсиаданың жоғары деңгейде өтуіне облыстың үлесі қандай болмақ? – Универсиада кезінде Талғар ауданында «Алатау» шаңғы-биат­лон кешені мен «Табаған» спорт­тық-сауықтыру кешені іске қосы­лады. Қоғамдық тәртіпті сақтауға ішкі істер департаментінің 1150 қыз­меткерін және Қорғаныс ми­нистр­лігінің аэроұтқыр әскерінің 150 қызметкерін тарту жоспарлануда. Универсиада нысандарында билбордтар мен баннерлерді орналастыру үшін арнайы киім-кешек киген жанкүйерлерді нысандарға жеткізу үшін Талғар ауданының әкімдігіне 39,7 млн теңге бөлінді. Әңгімелескен Нұрбол ӘЛДІБАЕВ, «Егемен Қазақстан» Алматы облысы