• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
24 Қараша, 2016

Брендтер бәсекесі

364 рет
көрсетілді

Орталық коммуникациялар қызметінде «Халық маркасы» қазақстандық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау жүйесі федерациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Римма Тәжібаеваның қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Ол өз сөзінде отандық өнімнің қазіргі уақытта қарқынды дамып келе жатқанын айтты. «Астанада жақында ашылған «Халық мар­касы» сауда орталығы қазақстандық та­уармен толығуда. Бір жерге ұлттық брен­дтік өнімдер мен тауарлар топтас­ты­рылуда. Оларды тұтынушылардың қа­­та­ры күн санап артып келеді. Ашыл­ға­­нына бірер ай ғана болған бұл сауда ала­ңындағы тауарлардың барлығы отан­дық өндірушілердің қолынан шыққан. Мұн­­­дағы тауарлар шетелдік өнімдермен тең түспесе, кем түспейді. Тауарлар сапа­лы әрі қолжетімді. «Made in KZ» бел­гісі бар ұлттық бренд бүгінде сауда на­ры­ғын­да өз орнын ойып тұрып алуда», де­ді Р.Тәжібаева. Оның айтуынша, кеше ғана жастанатын жастықтан, жайғасқан жиһазға дейін шекараның ар жағынан жеткізілетін еді. Бүгінгі жағдай бөлек. Қазақстандық кәсіпкерлер сұранысты саралап, ұсы­нысты қабылдап, тұтынушыға сапасы жоғары, әрі қолжетімді бағамен өз өнімін беруге әзір екенін дәлелдеп отыр. Отандық өнімнің басын қосқан алаңның артықшылығы – сатушылар орынды жал­ға алу үшін ақы төлемейді. Тауарын те­гін қояды. Қазіргі таңда мұндағы тауар айна­лы­мының көлемі 30 миллион теңгеден ас­ты. Бүгінге дейін бұл павильонда 100 шақ­ты компания өз орнын алып, оны 10 мың­нан астам отандық тауармен толтырды. Жоспар – отандық брендті тауар түрін 500-ге жеткізу. Сонда павильон 100 мыңнан астам отандық тауарға толығатын болады. «Қазір біз ЭКСПО-2017 қарсаңында қала­ның туристік картасына ендік, өйт­кені, келуші қонақтардың бәрі, соның ішін­де шетелдік азаматтар қазақстандық өнім­дерді іздейтін болады. Атлмыш картаға тек отандық өнімдер сататын сауда орындары енеді. Оған дейін 7 Duty Free маркеті ашылады», деді Римма Данабайқызы. Р.Тәжібаеваның айтуынша, ЭКСПО­-2017­­ көрмесіне орай, «Қазақ­стан­­да жа­­­сал­ған» ұлттық брендтерді бас­қару аге­нт­­­тігінің «Халық маркасы» 100 брендін жа­сау бойынша жобасы іске асады. Оған атақты әртістер, спортшылар және депутаттар қатысады деп жоспарлану­да. Жаңа 100 қазақстандық бренд азық-түлік, жиһаз, үйге арналған жабдықтар, аяқ-киім, киім-кешек және тағы басқа тауарлар топтамасы бойынша ашылады. Сондай-ақ, баспасөз мәслихаты бары­сында Маңғыстау облысының қол­дауы­мен, Олимпиаданың екі дүркін күміс жүл­­дегері Әділбек Ниязымбетовтің құр­­метіне балалардың «ZIBROO FOR АDOKA» спорттық киімдерінің тұ­сау­кесер-таныстыру рәсімі өтті. Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»