• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
24 Қараша, 2016

24 қарашаға арналған ауа-райы

283 рет
көрсетілді

25 қарашада еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты қар жауып, бұрқасын болып, жел күшейеді, Қазақстанның қалған аймақтарында жауын-шашынсыз. Кей жерлерінде тұман күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет. Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында бұрқасын, кей жерлерде күшті, жел 15-20, екпіні 13-28 м/с  күшейеді, күндіз кей жерлерде көктайғақ болады. Павлодар  облысында бұрқасын, кей жерлерде күшті, жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан  облысының кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасын болып, жел 15-20, екпіні 25  м/с күшейеді. Қарағанды  облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, жел 15-20, екпіні 23  м/с күшейеді. Қостанай облысында кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ  күтіледі, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстарынының кей жерлерінде тұман болады.  
Соңғы жаңалықтар