• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
24 Қараша, 2016

Павлодарда жылуы көп көмір шығарыла бастады

303 рет
көрсетілді

Павлодарда ұзақ уақыт жанатын әрі тозаңы аз брикеттелген көмір өндірісі іске қосылды, деп хабарлады BNews.kz. Зауыт Оңтүстік Кореяда шығарылған заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген. Ол қарапайым көмірге қарағанда жылуды 4-5 есе көп беретін және оны 8 сағатқа дейін сақтайтын көмірдің екі түрі шығарылады. Жекеменшік үйлердің  пештеріне арналған «Сотан» маркалы көмір 24 кг қаптарға брикеттелген. Ал 3 кг брикеттерге қапталған «Елтан» көмірі тек Оңтүстік Кореяда шығарылатын қазандықтарға арналған. Облыс әкімі Болат Бақауовтың ұйғарымымен 100 қазандық ауылдық аймақтарда тұратын аз қамтылған отбасыларға берілетін болады. Зауыттың өнімі жеке үйлердің пештеріне ғана емес, сондай-ақ өндірістік қазандықтардың пештеріне де жарайды. Құны 230 миллион теңгені құрайтын жеке инвестицияларға салынған зауыт әр ауысым сайын 90 тонна брикеттелген көмір шығаруға қауқарлы. Ал кәсіпорында қызмет ететін 18 жұмысшының  жалақысы орташа есеппен 80 мың теңге.