• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
24 Қараша, 2016

Көкшетауда студенттер үйі ашылды

209 рет
көрсетілді

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің 310 орындық Студенттер үйі пайдалануға берілді. Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин оқу орнының ұжымын айтулы оқиғамен арнайы келіп құттықтады, деп хабарлады BNews.kz. Ерекше үлгідегі жаңа Студенттер үйі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен және ҚР Президенті Әкімшілігінің бақылауымен салынған нысан. Бір атап өтерлігі, бұл ғимарат биыл республика көлемінде пайдалануға беріліп отырған бірден-бір студенттер үйі. «Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында біздің өңірде де бірнеше маңызды нысан іске қосылатынын айрықша айтып өткім келеді. Соның бірі – студенттер үйі ғимараты дер едім. Қазіргі заман талабына сай жабдықталған, іші мен сырты эстетикалық талғаммен салынған нысан қала сәулетін арттыра түсетініне сенім мол. Осы уақыт ішінде Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті мыңдаған жоғары білікті маманды даярлап, еліміздің білім беру саласына орасан зор үлес қосып отыр. Іргелі университет ретінде қалыптасу жолында күрделі және үлкен белестерден өтті. Университет түлектерінің Қазақстан Республикасы аймақтарында ғана емес, сонымен қатар, таяу және алыс шетелдерде де қызмет атқарып жүргенін және жоғары біліктілік, жауапкершілік, білімдарлық қасиеттерімен ерекшеленетіндерін үлкен мақтанышпен айта аламыз», – дейді өңір басшысы. Бес қабатты ғимаратта студенттердің жайлы тұруына қажетті жағдайлар жасалған: қажетті жиһазы бар екі және үш орынды, жарық та жайлы бөлмелер, ас дайындайтын, кір жуып, оны кептіретін, үтіктейтін заманауи машинкалар, санитарлық тораптар, медициналық пункт, плазмалық теледидарлар, әр қабатта оқу залдары, 50 орынды конференц-залы, 120 орынды асханасы бар және жылдамдығы жоғары WI-FI желісі іске қосылған. Бұдан бөлек, мұнда кіріп-шыққандарды бақылап, басқару жүйесі электронды-техникалық қызметі орнатылған. Бұл жүйенің артықшылығы – студенттердің ата-аналарының өз үйлерінде отырып-ақ, балаларының сабаққа қатысуы мен оқу үлгерімін, сондай-ақ жатақханаға кіріп-шығуын тікелей бақылауын қамтамасыз етеді.