• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
24 Қараша, 2016

"Жібек жолы" раллиінің уақыты белгілі болды

176 рет
көрсетілді

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамадиұлы халықаралық "Жібек жолы" раллиінің ұйымдастырушыларымен кездесіп, марафонның 2017 жылы Қазақстаннан өтетін кезеңдері туралы талқылады, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі. "Бұл Ресей, Қазақстан, Қытайдың бірігіп жасайтын алғашқы үлкен акциясы. Бүгінгі таңда марафон өткізу спортық жетістік", деді министр Арыстанбек Мұхамадиұлы. Гонка Қазақстан арқылы 2017 жылдың 7-23 шілдесі аралығында Мәскеу-Астана-Пекин маршрутымен өтеді. 2017 жылы Қазақстанда ралли Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары мен Астананы кесіп өтеді. "Біз Қазақстанға үнемі қуана келеміз. Бұл ең қонақжай халық. Біз "Жібек жолы" раллиінің ұйымдастырушылары ретінде серіктестерімізбен былтыр бұл шараны жоғары деңгейде өткізгенбіз. Сіздерге жан-жақты қолдау білдіргендеріңізге рахмет. Барлық қатысушылар да риза", деді гонканың әкімшілік директоры Вячеслав Грохотов. Естеріңізге сала кетсек, былтыр бұл марафонға 40 мемлекет қатысқан. Қазақстандағы маршрут Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарынан, Алматы, Астана қалаларынан өткен. Бұл жолмен 15 кезеңнің 4-еуін 452 автокөлікпен 837 қатысушы жүріп өткен еді.