• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
24 Қараша, 2016

ӘЧ: 4 боксшымыз жартылай финалда

158 рет
көрсетілді

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасында бокстан әлем чемпионатының жартылай финалына Қазақстанның 4 боксшысы шықты. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлады. Сонымен ширек финалдық кездесулер барысында 52 келі салмақ санатында шаршы алаңға шыққан Айдос Арапов кубалық қарсыласы Элио Креспоға есе жіберсе, аса ауыр салмақтағы боксшымыз Аболды Дәуренұлы грузин Георгий Чигладзеге ұтылды. Ал Бекзат Нұрдәулетов (81 келі) ирландық Крис ОРейлиді таза ұтса, Бек Нұрмағамбет (75) америкалық Никита Абабиден басып түсті. Саматәлі Толтаев (56)  түрік боксшысы Али Ихсан Алагастың жолын кессе, Садриддин Ахмедов (69) кездесудің үшінші раундында қырғыз боксшысы Айбек Ақылбекұлын нокаутқа түсірді. 26 қараша күні өтетін жартылай финалдық кездесуде Самат Толтаев австралиялық Сэм Гудманмен айқасады. Ал Бек Нұрмағамбеттің қарсыласы неміс Везир Агирман. Садриддин Ахметов британдық Мохаммед Әкбармен кім мықтыны анықтайды. Бекзат Нұрдәулетов болса украиндық Роман Савицкимен шаршы алаңда кездеседі. Айта кетерлігі, бұл жекпе-жектерді Kazsport телеарнасы тікелей көрсететін болады.