• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
24 Қараша, 2016

Назарбаев университеті халықаралық сипозиум өткізді

282 рет
көрсетілді

Бүгін Назарбаев университетінде Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай "Мәңгілік елдің мәңгілік тілі" атты халықаралық симпозиум өтті. Симпозиум жұмысына еліміз бен шет елдердің əдебиетшілері мен тіл мамандары, түркітанушы ғалымдар, қоғам қайраткерлері мен оқытушылар қатысты. Шараға қатысқан Сенат депутаты Əділ Ахметов қазір елімізде қазақтардың 75-80 пайызы туған тілінде сөйлейтінін жеткізді. "Назарбаев Университетінде азат елдің тіліне арналған үлкен шара іске асып жатыр. Бұл өте жақсы бастама. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "тілімізден, дінімізден, салт-дəстүрімізден айырылып қалатын болсақ, ұлт болмай қаламыз" деген сөзі бар.  Сондықтан, бүгінгі мәселе - тіл болып тұр. Тіл - елдің тірегі. Ең негізгі құралы, ең негізгі символы. Еліміздің ең басты жоғары оқу орны - Назарбаев университетінде тілге осындай деңгейде құрмет көрсетілсе, басқа университеттер одан үлгі алады. Кезінде Елбасы "асықпаңдар, өз уақыты келеді,  аз уақыт күтіңдер" деген еді. Міне, қазір қазақтардың 75-80 пайызы қазақ тілінде сөйлейтін болды. Келе-келе, 90-95 пайызға жетеміз. Қазақ тілдің қалқасында орыс тілін білгеніміз артық болмайды, ағылшын тілін білгеніміз - тіпті де артық емес. Ағылшын тілі - ғылымның тілі, мемлекеттік сауда-саттықтың тілі. Тіл маманы болғандықтан айтарым, ағылшын тілі ең оңай тілдердің бірі", - деді депутат. Симпозиумда Қазақстанда қазақ тілі оқытушыларының халықаралық қауымдастығы құрылу мүмкіндігі қарастырылды. Қауымдастықтың басты мақсаты қазақ тілін оқытудың инновациялық əдістерін жетілдіру болмақ.