• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
24 Қараша, 2016

Ұлттық компаниялардың табысы 19 пайызға артты

128 рет
көрсетілді

Қазақстанда трансформация бағдарламасында 8 ұлттық компания қамтылған. Олардың бір жылдағы жиынтық таза табысы 19 пайызға артты, деп хабарлады finprom.kz. 2016 жылдың 1 жартыжылдығында ұлттық компаниялар 146 миллиард теңге таза пайда тапты. Тауарлар мен қызметтерді шығарудың өзіндік құны қымбаттағанына қарамастан ұлттық компаниялар инфляция қысымын жоя білді. Биыл өндірістің табыстылығы 18 пайызды  (2015 жылғы деңгейде) құрады.  Ұлттық компаниялардың жұмыс тетігін қайта өзгерту оларға қызметті жандандыру үшін қосымша серпін береді. Сауда көлемі ұлғаяды. Кәсіпорын қаражаттың аз бөлігін депозитте ұстап, көбін өндіріске салады. Бір жылда қаржыландырудан табыс ағыны 17 пайызға төмендеді.  Ұлттық компаниялардың жиынтық шығыстары бір жылда 22 пайызға артты, алайда бірінші кезекте өнім шығаруға байланысты тікелей шығындар ұлғайды. Еңбекақы төлеуге әкімшілік шығыстар мен шығындар небәрі 0,2 пайызға, 157 милиард теңгеге дейін ұлғайды. Нәтижесінде жалпы сомада мұндай шығындардың үлесі 19 пайызға төмендеді (өткен жылы 23 пайыз). Айта кетейік, 2014 жылғы қыркүйекте «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесі Трасформация бағдарламасын мақұлдады. Оның мақсаты – холдинг компаниясының құнын ұлғайту, портфелді басқару тиімділігін арттыру, ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес келетін корпоративтік басқарудың жаңа қағидаттарын енгізу.