• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
24 Қараша, 2016

Месси рекорд жасады (видео)

180 рет
көрсетілді

"Барселонаның" ойыншысы Лионель Месси халықаралық клубтық турнирлерде 100 гол салған алғашқы футболшы болды, деп хабарлайды  Pasion Futbol. Кеше Чемпиондар лигасында шотландиялық "Селтикпен" болған ойында дубль жасаған Месси "Барселона" сапында халықаралық клубтық жарыстарда өзінің 99 және 100-голын салды. Бұл 100 голдың 92-сін форвард Чемпиондар лигасында, бесеуін клубтық әлем чемпионатында және үшеуін Еуропаның суперкубогында салды. Месси жалпы 119 ойын өткізді. Одан кейінгі орында Криштиану Роналду тұр. Ол "Спортинг", "Манчестер Юнайтед", "Реал" командаларының құрамында 99 доп салды. Оның 96-сы Чемпиондар лигасында, біреуі клубтық әлем чемпионатында, екеуі Еуропаның суперкубогында (барлығы 141 ойын) салынған.