• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
24 Қараша, 2016

БҚО-да биыл 1239 жаңа ғимарат салынды

174 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстанда жыл басынан бері 1239 жаңа ғимарат, оның ішінде 1157 тұрғын үй мақсатындағы нысан пайдалануға берілді. Бұл туралы облыстың статистика департаменті хабарлады. 2016 жылғы қаңтар-қазанда орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 80,7 млрд теңгені немесе 2015 жылдың қаңтар-қазан деңгейіне 109,1% құрады. 2016 жылғы қаңтар-қазанда 1239 жаңа ғимарат, оның ішінде 1157 тұрғын үй және 82 тұрғын үйге жатпайтын ғимараттар пайдалануға берілді. Осы уақыт аралығында үй құрылысына 17,0 млрд. теңге инвестиция бағытталған немесе 2015 жылғы қаңтар-қазан деңгейінен 108,1%-ға көп. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 210,0 мың шаршы метрді құрады, пайдалануға берілген тұрғын үйдің нақты көлемінің индексі 2015 жылғы қаңтар-қазан деңгейіне 118,9% құрады. 2016 жылғы қаңтар-қазанда жұртшылық қаражаты есебінен 136,0 мың шаршы метр тұрғын үйлер, республикалық бюджет қаражаты есебінен - 36,7 мың шаршы метр жалға берілетін коммуналдық тұрғын үйлер, кәсіпорындардың жеке қаражаты есебінен - 37,3 мың шаршы метр коммерциялық тұрғын үйлер пайдалануға берілді. Іске қосылған тұрғын үйлердің көбеюі Орал қаласында және Бөрлі, Жаңақала, Қаратөбе, Теректі, Шыңғырлау аудандарында байқалады.