• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
24 Қараша, 2016

Ұлттық музейде «Үлкен ел – үлкен отбасы» фотокөрмесі ашылады

130 рет
көрсетілді

Ертең, 25 қарашада ҚР Ұлттық музейінде Қазақстанда басталған қазақстандық біртектілік және жалпыұлттық бірлікті қалыптастыруға бағытталған жалпыұлттық «Үлкен ел – үлкен отбасы» жобасы аясында Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесіп ұйымдастырылған «Үлкен ел – үлкен отбасы» фотокөрмесінің ашылуы өтеді. «Үлкен ел – үлкен отбасы» жобасының идеясын Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының 22-сессиясында ұсынған болатын. Жоба қазақстандық біртектілікті және қоғамдық келісімді нығайтудың бұлтартпайтын үлгі-нұсқасы болды. Фотокөрме тарихи феноменді – корей, ұйғыр, неміс, өзбек театрларының өзінің этникалық отанынан тыс жерде мемлекеттік деңгейде жұмыс жасайтын жалпыұлттық бірліктің және алуан түрлі мәдениеттің қазақстандық моделін ашып көрсетуге бағытталған. Фототуындыларда бірінде ұлттық мерекенің сауық-сайраны, Наурыз мейрамындағы ұлан-асыр той, ел өміріндегі жауапты сәт – сайлау және т.б. бейнеленген.