• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
25 Қараша, 2016

Ресейде Қазақстан әдебиеті бұрышы ашылды

458 рет
көрсетілді

Ресейдің Мемлекеттік кітапханасында Шығыс әдебиеттері орталығы ашылды. Енді Мәскеу жұрты қазақ халқының тарихымен, әдебиетімен, салт-дәстүрлерімен жақынырақ таныса алады, – дейді елордадағы Ұлттық академиялық кітапхананың баспасөз қызметінің өкілі Зухра Баженова. Аталған орталық Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің қолдауымен, екі елдің кітапханаларының ұйымдастыруымен ашылып отыр. Ресейдің бас кітапханасында атқарылған бұл игі шара ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды. Сондай-ақ, аталмыш шара осы жылдар ішінде екі ел арасындағы рухани, мәдени байланыстардың дамуын да көрсетті. Атап өтейік, Мәскеу кітапханасындағы жиын барысында Ұлттық академиялық кітапхананың президенті Үмітхан Мұңалбаеваның «Кітапхана педагогикасы» кітабының тұсауы кесілді.