• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
25 Қараша, 2016

Дін саласында кеңес беретін 22 ұйым бар

258 рет
көрсетілді

Діни ағымдардың жетегінде жүргендерді оңалту маңызды. Бұл туралы бүгін  7-ші Азаматтық форумда сөз сөйлеген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов мәлімдеді. «Дерадикализация – бұл мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың бірігіп, барынша күш салып жұмыс істейтін сала. Бүгінде тек 22 қоғамдық ұйым дін саласында кеңес беру және оңалту көмегін көрсетумен айналысады. Бұл жалпы, ҮЕҰ санының 0,12 пайызы ғана», – деді ол. Вице-премьердің ресми статистикалық мәліметі бойынша елде 15 мың жуық адам діни жат ағымдарды қолдайды. Бұған қарамастан, тек Астана, Көкшетау, Қарағанды, Таразда ғана екіден көп орталық жұмыс жасайды, Петропавлда бірде-бір оңалту орталығы жоқ. «Оңтүстік Қазақстан облысында үш мыңға жуық тыйым салынған діни ағымдардың ізбасарлары бар. Алайда, аталған облыста тек бір ғана үкіметтік емес «Нұр-Мұра» ҚБ ұйымы дін саласында кеңес беру және оңалту мәселесімен айналысады», – деді Тасмағамбетов.