Ақмола облысында ауыл шаруашылығы саласының еңбек озаттарына су жаңа көліктердің кілті тапсырылды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Бүгін Көкшетауда Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында аймақ басшысы Сергей Кулагиннің қатысуымен ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің күні аталып өтілді. «Көкшетау» мәдениет сарайында ұйымдастырылған шараға облыстың әр өңірінен келген 600 шаруа қатысты. Шара барысында облыстың тәуелсіздік жылдарында ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және әлеуметтік тәрізді сан алуан салаларда қол жеткен жетістіктері паш етілген көрме ұсынылды. Сондай-ақ, салтанатты түрде ауыл шаруашылығы саласының еңбек озаттары марапатталды.