• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
25 Қараша, 2016

6 жылда 500 жаңа өнім шығарылды

191 рет
көрсетілді

Қазақстан 6 жылдың ішінде бұрын шығарылмаған 500 жаңа өнім өндіреді. Бұл туралы бүгін Астанада өткен инвестициялық конгресте ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек айтты. "Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы орындалған жылдар ішінде өндіріс саласы 29,4 пайызға өсті. Металлургия, тамақ өнеркәсібінен басқа өңдеу саласы да дамып жатыр. Индустрияландырудың 6 жылында 4 трлн теңгенің 900-ден астам жаңа жобасы іске қосылды. Осы жобалар 7 трлн теңгенің өнімін шығарды. Бұл 20 млрд доллардан астам қаражатты құрайды. Қазір Қазақстанда 6 жыл бұрын болмаған 500 жаңа өнім шығарылады. Жыл сайын экспортталатын тауар мен экспорттың географиясы артып келеді", деді министр. Сонымен қатар Жеңіс Қасымбек соңғы 6 жылда инновациялық гранттар бөлінгенімен, коммерциаландырудың көрсеткіші төмен екенін айтты. "Өңдеуші сектор тұрақты дамып отыр. 0,2% пайыз болса да, бір орында тұрған жоқ. Сонымен қатар инновациялық кәсіпорындар саны екі есе, инновациялық өнім 4,5 есе өсті.  Әлемдік көшбасшылармен салыстырсақ, біз әлі жолдың басында тұрмыз. Сондықтан бұл жұмысты күшейту керек, бәсекеге қабілеттілікті арттыру керек", - деді Қасымбек.