• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
25 Қараша, 2016

Тәуелсіздік жылдарындағы оқушылар жетістігі қандай?

236 рет
көрсетілді

Бүгін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева дарынды балалармен – халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздарымен кездесті. Бұл дәстүрлі кездесуді «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі. Кездесудің мақсаты – мемлекетіміздің болашақ интеллектуалдық элитасын құрайтын, халықтың әл-әуқатын жақсартып, еліміздің орнықты дамуына үлесін қосатын талантты балалар мен жастарды қолдау. 25 жыл төңірегінде қазақстандық оқушылар халықаралық деңгейдегі олимпиадаларда 9346 медаль жеңіп алған. 1998-алтын, 2895-күміс, 4143-қола жүлделер. Беделі жоғары халықаралық олимпиадаларға қатысу нәтижесінде Қазақстан құрама командасы жаратылыстану-математика пәндері бойынша әлемде 12 орынды иеленіп отыр. Жиынға ел аймағының әр түкпірінен келген дарынды 40 оқушы қатысты. Аталмыш шарада Эльмира Суханбердиева министірліктің қонақтарын тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құтықтап, оқушылармен олимпиада, алдағы біріңғай ұлттық тестілеу жайлы сұхбаттасып, сыйлықтар тапсырды.